Алматы облысындағы Үлкен ауылында әуежай салынуы мүмкін

© Sputnik/Ертай СарбасовВход в село Улкен
Вход в село Улкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Жазылу
Бұл туралы өңір әкімі Шыңғыс Әріновтің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында әуежай салу жоспарланып отыр. Бұл алғашқы атом электр станциясының құрылысына байланысты өңірдің инфрақұрылымын дамыту жоспарына енгізілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Сонымен қатар Қайраткөл теміржол станциясын жаңғырту, Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру және қонақүй кешенін салу мәселелері қарастырылып жатыр. Бұл жобалар Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.
"Кездесу барысында облыс әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. Атап айтқанда, Ақсеңгір ауылында жылына 120 мың тонна құс етін өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жобаның құны – 200 млрд теңге. Кешен іске қосылғанда 3 мыңға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Ал Үңгіртас ауылдық округінде 400 басқа арналған сүт фермасы жұмысын бастады. Мұнда тәулігіне 4-5 тонна сүт өндіріліп, ірі компанияларға жөнелтіледі.
Бұдан бөлек, Ақсеңгір ауылында тағы бір сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыстың 95%-ы аяқталған.
Шағын және орта бизнес саласында биыл 8 өндіріс орны іске қосылып, 263 жаңа жұмыс орны ашылды. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 544,5 млн теңгеге 36 жоба қаржыландырылды.
Ауданда мәдениет, білім беру және спорт салаларын дамытуға да көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Қарғалы ауылында 350 орындық, ал Шиен ауылында 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Сондай-ақ Үлкен ауылында тәулігіне 50 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Нысанды желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Айта кетері, осыдан үш жыл бұрын Үлкен ауылының тұрғындары елді мекенде атом электр станциясын салу туралы ұсынысты бірауыздан қолдаған болатын.
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Астанадағы жаңа әуежай қай елдің қатысуымен салынатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0