Астанадағы жаңа әуежай қай елдің қатысуымен салынатыны белгілі болды

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Қазіргі уақытта тараптар серіктестік құрылымын, жобаларды іске асыру шарттарын келісу және қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Астанада жаңа әуежай Сингапур компаниясының қатысуымен салынады, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Changi Airports International (CAI) елорда әуежайы инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту саласындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Changi Airports International (CAI) елорда әуежайы инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту бойынша келісті
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
Негіздемелік келісімге қол қою қорытындысы бойынша екі негізгі бағытта ресми келісімге қол жеткізілді:
1.
Астанада жаңа әуежай салу. Яғни тараптар Астана қаласында жаңа әуежай салу жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісті.2.
Қолданыстағы Астана халықаралық әуежайын дамыту. Бұл тармақта компанияның әуежайды басқаруға, операциялық қызметке (O&M) және оны одан әрі дамыту бағыттарына қатысуы көзделген.
Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Changi Airports International (CAI) елорда әуежайы инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту бойынша келісті
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
"Қазіргі уақытта тараптар серіктестік құрылымын, жобаларды іске асыру шарттарын келісу және қажетті құжаттарды әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Негіздемелік келісімге қол қою Changi Airport Group басшылығының Астанаға сапары барысында қол жеткізілген тараптар арасындағы уағдаластықтарды бекітіп, жаңа әуежай салу жобасын одан әрі бірлесіп іске асыруға, сондай-ақ қолданыстағы Астана халықаралық әуежайын одан әрі дамыту бағыттарындағы ынтымақтастыққа негіз қалыптастырады.

Астана қаласының әкімдігі, Көлік министрлігі және Changi Airports International (CAI) елорда әуежайы инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту бойынша келісті
© Photo : Пресс-служба акима Астаны
Ынтымақтастық Астана қаласы әкімдігі мен Көлік министрлігінің елорда авиациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді көзқарасын CAI компаниясының әуежайларды жоспарлау, салу және басқару саласындағы халықаралық тәжірибесімен ұштастырады.
