https://sputnik.kz/20261119/adamdar-integratsiyanyn-omirdi-zhaqsartyp-zhatqanyn-koruge-tiis--abaev-68578330.html
Адамдар интеграцияның өмірді жақсартып жатқанын көруге тиіс – Абаев
Адамдар интеграцияның өмірді жақсартып жатқанын көруге тиіс – Абаев
Sputnik Қазақстан
Абаев жұмысты жеткізу мерзімін қысқарту, шығынды азайту, кедергіні жою және жаңа жобаларды іске қосу сияқты нақты нәтижелер арқылы бағалауды ұсынды 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T13:59+0500
2026-11-19T13:59+0500
2026-11-19T13:59+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68576284_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_054b2531226a0a87457355a1739dc441.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Экономикалық трансформация дәуіріндегі Еуразиялық аймақ: бизнес пен билік диалогы арқылы бірлескен шешімдер" конференциясына қатысты.Дипломаттың айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға төрағалық ету аясында республиканың басым бағыттарын атап өткен. Олардың қатарында экономикалық интеграцияны дамытудың жаңа құралы ретінде жасанды интеллектіні енгізу, Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін ашу, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру арқылы технологиялық серпіліс жасау, ЕАЭО жұмысының бұлжымас қағидаты ретінде кедергісіз сауданы қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық ынтымақтастық географиясын кеңейту бар.Даурен Абаевтың айтуынша, нақты экономикалық өзара іс-қимыл, соның ішінде өңірлерде – кәсіпорындар жұмыс істейтін, тапсырыстар қалыптасатын, мамандар даярланатын және жұмыс орындары құрылатын жерлерде жүзеге асады. Ол осындай өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға шақырды.Оның пікірінше, Еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы үш жағдайға байланысты болады:
https://sputnik.kz/20261118/eaeo-elderi-agroinnovatsiya-salasynda-ortaq-ortalyqtar-qurudy-zhosparlap-otyr-68530559.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/13/68576284_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_20f6301d9f2de04efe8acdb2a1f4bec6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Адамдар интеграцияның өмірді жақсартып жатқанын көруге тиіс – Абаев
Абаев жұмысты жеткізу мерзімін қысқарту, шығынды азайту, кедергіні жою және жаңа жобаларды іске қосу сияқты нақты нәтижелер арқылы бағалауды ұсынды
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев "Экономикалық трансформация дәуіріндегі Еуразиялық аймақ: бизнес пен билік диалогы арқылы бірлескен шешімдер" конференциясына қатысты.
"Адамдар интеграцияның күнделікті өмірді қалай жақсартып жатқанын көруге тиіс. Кәсіпкерлер оның қандай жаңа мүмкіндіктер ашатынын түсінуі керек. Мемлекеттер орнықты даму үшін қосымша жағдайлар алуы қажет. Қазақстан осы күн тәртібі бойынша серіктестермен бұдан әрі де дәйекті түрде жұмыс істеуге дайын", – деді елші.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға төрағалық ету аясында республиканың басым бағыттарын атап өткен. Олардың қатарында экономикалық интеграцияны дамытудың жаңа құралы ретінде жасанды интеллектіні енгізу, Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін ашу, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру арқылы технологиялық серпіліс жасау, ЕАЭО жұмысының бұлжымас қағидаты ретінде кедергісіз сауданы қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық ынтымақтастық географиясын кеңейту бар.
Даурен Абаевтың айтуынша, нақты экономикалық өзара іс-қимыл, соның ішінде өңірлерде – кәсіпорындар жұмыс істейтін, тапсырыстар қалыптасатын, мамандар даярланатын және жұмыс орындары құрылатын жерлерде жүзеге асады. Ол осындай өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға шақырды.
Оның пікірінше, Еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы үш жағдайға байланысты болады:
ортақ нарықта экономикалық қызметтің нақты еркіндігін қамтамасыз ету қабілеті;
бірлескен технологиялық дамуға инвестиция салуға дайындық;
мүдделер теңгерімін сақтай білу.