ЕАЭО елдері агроинновация саласында ортақ орталықтар құруды жоспарлап отыр

Гоар Барсегян - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Баяндамада "Еуразиялық бестік" елдерінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесіне талдау жасалған
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында бірлескен агроинновациялық орталықтар құру туралы баяндама мақұлданды.
"Қазіргі кезеңде агроинновация саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ортақ ақпараттық ресурс жетілдіріледі. Ол Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі агроөнеркәсіптік кешеннің қосалқы жүйесі аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтиды. Бұл жаңа серіктестер іздеуге, бірлескен инновациялық жобаларды дамытуға және озық технологиялармен алмасуға мүмкіндік береді", – деді ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы ынтымақтастық қолда бар ақпараттық ресурстарды, ғылыми әзірлемелер мен мамандардың тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде зерттеу жұмыстарын қайталаудың алдын алып, инновацияларды өндіріске енгізу үдерісін жеделдетуге және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасалады.
Құжатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесіне талдау жасалған. Сондай-ақ агроинновациялық орталықтарды құру мен олардың жұмысын ұйымдастырудағы халықаралық озық тәжірибелер қарастырылған.
Жаңалықтар
0