https://sputnik.kz/20261119/800-den-astam-adam-aleumettik-tolemderden-erikti-turde-bas-tartty---ministrlik-68615240.html
800-ден астам адам әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартты - министрлік
800-ден астам адам әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартты - министрлік
Sputnik Қазақстан
Бір апта бұрын әлеуметтік төлемдерден бас тартқандар саны 700-ден асқан болатын 19.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-19T21:36+0500
2026-11-19T21:36+0500
2026-11-19T21:37+0500
министрлік
әлеуметтік төлем
мемлекеттік органдар
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522772_0:37:2000:1162_1920x0_80_0_0_dc43b0bfe3525d1a45e2a14237cf40b3.jpg
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Еңбек министрлігі 800-ден астам адам әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартты деп хабарлады.Бір апта бұрын әлеуметтік төлемдерден бас тартқандар саны 700-ден асқан болатын.Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың өз еркімен қабылдайтын шешімі. Бұл тетік мемлекеттік қолдауды оған шын мұқтаж азаматтарға басымдықпен бағыттауға мүмкіндік береді.Бұл сервис әл-ауқат деңгейі жоғары және ауқатты отбасылар санатына жататын әлеуметтік төлем алушыларға арналған. Өтінішті мемлекеттік органдарға бармай-ақ, eGov Mobile мобильді қосымшасына немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн режимде жолдауға болады.Азамат кейіннен әлеуметтік төлем алуға қайта өтініш беруге құқылы. Жолданған өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.Еске салайық, 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сін тағайындау кезінде отбасының әл-ауқат деңгейі пилоттық режимде ескеріледі.Отбасының әл-ауқат деңгейін алдын ала eGov Mobile қосымшасындағы "Әлеуметтік көмек алушыны анықтау калькуляторы" арқылы білуге болады.
https://sputnik.kz/20261112/700-den-astam-qazaqstandyq-aleumettik-tolemderden-oz-erkimen-bas-tartty-68388243.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522772_126:0:1903:1333_1920x0_80_0_0_640a02fcc1a0ce56171d1800ed4a3081.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, әлеуметтік төлем, мемлекеттік органдар
министрлік, әлеуметтік төлем, мемлекеттік органдар
800-ден астам адам әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартты - министрлік
21:36 19.11.2026 (жаңартылды: 21:37 19.11.2026) Бір апта бұрын әлеуметтік төлемдерден бас тартқандар саны 700-ден асқан болатын
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Еңбек министрлігі 800-ден астам адам әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тартты деп хабарлады.
Бір апта бұрын әлеуметтік төлемдерден бас тартқандар саны 700-ден асқан болатын.
"2026 жылғы қазан айында іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін "Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисін 831 қазақстандық пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың өз еркімен қабылдайтын шешімі. Бұл тетік мемлекеттік қолдауды оған шын мұқтаж азаматтарға басымдықпен бағыттауға мүмкіндік береді.
Бұл сервис әл-ауқат деңгейі жоғары және ауқатты отбасылар санатына жататын әлеуметтік төлем алушыларға арналған. Өтінішті мемлекеттік органдарға бармай-ақ, eGov Mobile мобильді қосымшасына немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн режимде жолдауға болады.
Азамат кейіннен әлеуметтік төлем алуға қайта өтініш беруге құқылы. Жолданған өтініш заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Еске салайық, 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сін тағайындау кезінде отбасының әл-ауқат деңгейі пилоттық режимде ескеріледі.
Отбасының әл-ауқат деңгейін алдын ала eGov Mobile қосымшасындағы "Әлеуметтік көмек алушыны анықтау калькуляторы" арқылы білуге болады.