700-ден астам қазақстандық әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартты

© Sputnik / Абзал КалиевКошелек, деньги монеты тенге
Кошелек, деньги монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Жазылу
"Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту" цифрлық сервисі биыл қазанда іске қосылған
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту сервисін 729 қазақстандық пайдаланды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту" цифрлық сервисі биыл қазанда іске қосылған.
"Осылайша, 729 адам өзіне тағайындалған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл – әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдағы өзара ынтымақтастық қағидаттарының көрінісі, яғни өзін және отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан саналы түрде бас тартуды жөн көрген", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрінің 12-сі бойынша мемлекеттік қолдау көрсету тетігі атаулылық қағидатына негізделеді. Көмек бірінші кезекте оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталады.
Цифрлық сервис eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Ол тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алушыларға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, жекелеген әлеуметтік қолдау түрлерінен бас тарту туралы электрондық өтінішті өз бетінше беруге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік төлемдерден бас тарту – азаматтың міндеті емес, тек өз еркімен қабылдайтын шешім, дейді министрлікте. Сервис, ең алдымен, материалдық жағдайы жоғары және ауқатты санатқа жататын, отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға арналған.
Өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азаматтар тиісті мемлекеттік қолдауды қайта тағайындау туралы өтініш беруге құқылы. Өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.
Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
"Кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр": Тоқаев әлеуметтік жеңілдіктер туралы айтты
Жаңалықтар
0