"Кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр": Тоқаев әлеуметтік жеңілдіктер туралы айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 трлн теңге қаржы бөлінген
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 трлн теңге қаржы бөлінді.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Токаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

"Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн. Қазір барлық аймақта, әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келе жатыр. 2019 жылдан бері еліміз бойынша 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынды", - деді президент.

Конституциямызда ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі туралы айқын жазылды. Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы. Бұл, түптеп келгенде, бірегей әлеуметтік көмек десек, артық болмас, деді мемлеет басшысы.
Айутынша, еліміздің әрбір мектебінде барлық бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан осал топтағы балалар, яғни, бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алып ішеді.
"Елімізде неше түрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіпті, олардың кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр. Сондықтан қазір үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыспен айналысуда", - деді Тоқаев.
Егемен еліміздің негізін қалауға үлес қосты: Тоқаев Назарбаев есімі ұмытылмайтын айтты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
"Егемен еліміздің негізін қалауға үлес қосты": Тоқаев Назарбаев есімі ұмытылмайтын айтты
Жаңалықтар
0