"Егемен еліміздің негізін қалауға үлес қосты": Тоқаев Назарбаев есімі ұмытылмайтын айтты

© AP Photo "Егемен еліміздің негізін қалауға үлес қосты": Тоқаев Назарбаев есімі ұмытылмайтын айтты
Егемен еліміздің негізін қалауға үлес қосты: Тоқаев Назарбаев есімі ұмытылмайтын айтты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.
"Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес", - деді Тоқаев.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі
Токаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі
Мемлекет басшысы елдің ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатқанын, Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп отырғанын айтты.

"Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе", - деді президент.

Президент тарихи үрдістерге әділетті көзбен қарап, әділ баға беру керектігін айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі
Токаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты шарада сөз сөйледі
"Қазақта "Ынтымақ – мызғымас қорған" деген сөз бар. Біз – болашаққа үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайтын ұлтпыз. Шын мәнінде, біз татулық пен тұрақтылықтың арқасында сан түрлі сынақтан сүрінбей өттік, деді Тоқаев.
2019 жылдан бері ел экономикасы 30 пайызға жуық өскен. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асты. "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында 7 миллион баланың есепшотына 2,5 миллиард доллар қаржы аударылды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики
Токаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Токаев выступил на торжественном мероприятии ко Дню Республики
"Былтыр 20 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша біздің аймақта көш бастап тұр", - деді Тоқаев.
Айтуынша, қазақстан әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз.

"Еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі 350 миллиард долларға жетіп келе жатыр. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі екінші орын деген сөз. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі айтарлықтай артты, яғни 40 пайызға жетті. Кәсіпкерлеріміз отандық тауар өндірісін ұлғайтып, жаңа іскерлік мәдениеті қалыптасуда", - деді президент.
Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Республика күніне орай бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Жаңалықтар
0