Республика күніне орай бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
08:17 23.10.2026 (жаңартылды: 08:29 23.10.2026)

© Photo : Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Жазылу
Олардың қатарында 129 еңбек ардагері, 200-ден астам бизнес өкілі және 150-ден аса педагог пен 120-ға жуық медицина қызметкерлері бар
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik.️ Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы өндіріске сіңірген еңбегі үшін "Kazakhmys Smelting" ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Ә.Доспановқа берілді.
"Отан" орденімен көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, композитор, "Музарт" тобының елімізде және шет елде танылуы жолында ерекше рөл атқарған А.Қоразбаев марапатталды.
І дәрежелі "Барыс" ордені "TNS-group" концерні" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі "Барыс" ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, "Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені "Ново-Приречное" ЖШС директоры В.Тюркинге, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.

Ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері "Парасат", "Құрмет" ордендерімен марапатталды.