Астанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды
Астанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Жазылу
Оның ішінде 11 ана "Алтын алқа", 21 ана "Күміс алқа" төсбелгісінің иегері атанды
АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Астананың екі Нұра және Алматы аудандарында барлығы 32 көпбалалы анаға мемлекеттік наградалар табысталды.
Нұра ауданында сегіз анаға награда берілді. Олардың төртеуіне "Алтын алқа", тағы төртеуіне "Күміс алқа" төсбелгісі табысталды.
Алматы ауданында елдің демографиялық дамуына және отбасылық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан 24 көпбалалы анаға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Оның ішінде жеті ана "Алтын алқа", 17 ана "Күміс алқа" төсбелгісінің иегері атанды.
© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды
Астанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
Астанада 32 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды
"Салтанатты жиындарда аналардың қоғамдағы маңызды рөліне ерекше мән берілді. Ана еңбегі – шексіз мейірім мен сабырды, бар күш-жігерді талап ететін күнделікті үлкен жауапкершілік. Отбасындағы жылулық пен татулықтың сақталуына, ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына да аналардың қосар үлесі зор", - дейді Астана қаласының әкімдігі.
Айта кетейік, "Күміс алқа" төсбелгісі алты бала туып, тәрбиелеп өсірген аналарға, ал "Алтын алқа" жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға табысталады.
2026 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Инфографика
2026 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қанша - инфографика
Жаңалықтар
0