https://sputnik.kz/20261118/zhaqyn-arada-samuryq-qazynanyn-zhana-basqarma-toragasy-tagayyndalady-68556292.html
Жақын арада "Самұрық-Қазынаның" жаңа басқарма төрағасы тағайындалады
Жақын арада "Самұрық-Қазынаның" жаңа басқарма төрағасы тағайындалады
Sputnik Қазақстан
Ол орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап ететінін... 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T18:31+0500
2026-11-18T18:31+0500
2026-11-18T18:32+0500
самұрық-қазына
олжас бектенов
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0a/68341614_0:125:2560:1565_1920x0_80_0_0_763eb1825e529aae68883b7e0e7caabf.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты бірқатар түсініктеме берді.Үкімет басшысы қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанын және жағдай президенттің бақылауында екенін айтты.Ол орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап ететінін айтты."Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің, сондай-ақ олардың жанындағы бейінді комитеттердің, ең алдымен аудит және тәуекелдерді басқару комитеттерінің рөлін күшейтуді қажет деп санаймын. Ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит тетіктері қайта қаралып, күшейтіледі", - деді Бектенов.Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, мүдделер қақтығысын анықтауға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және басшылардың дербес жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылады.
https://sputnik.kz/20261113/memlekettik-kompaniyalarda-zhemqorlyq-belen-algan---prezident-68429930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0a/68341614_144:0:2417:1705_1920x0_80_0_0_0bf8e66b4943462c65c2ebafd90de318.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына, олжас бектенов, үкімет
самұрық-қазына, олжас бектенов, үкімет
Жақын арада "Самұрық-Қазынаның" жаңа басқарма төрағасы тағайындалады
18:31 18.11.2026 (жаңартылды: 18:32 18.11.2026) Ол орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап ететінін айтты
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Қазына" АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты бірқатар түсініктеме берді.
Үкімет басшысы қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанын және жағдай президенттің бақылауында екенін айтты.
"Қазіргі кезеңде сөз нақты бір жағдай туралы болып отыр. Бұл жағдай Қордың бүкіл компаниялар тобының қызметіне күмән келтіруге негіз бола алмайды. Жақын арада "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы тағайындалады. Бұл ретте басқару ісіндегі сабақтастық пен Қор қызметінің үздіксіздігі толық қамтамасыз етіледі. Қор тобына кіретін барлық компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Бектенов.
Ол орын алған жағдай корпоративтік басқаруды одан әрі нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап ететінін айтты.
"Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестерінің, сондай-ақ олардың жанындағы бейінді комитеттердің, ең алдымен аудит және тәуекелдерді басқару комитеттерінің рөлін күшейтуді қажет деп санаймын. Ішкі бақылау, комплаенс және ішкі аудит тетіктері қайта қаралып, күшейтіледі", - деді Бектенов.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, мүдделер қақтығысын анықтауға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және басшылардың дербес жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылады.