Тоқаев "Самұрық Қазына" мен "ҚТЖ" басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

© Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеме жасады
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеме жасады.
Бұл шұғыл отырыс "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталуына байланысты өткізіліп отыр.
"Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай. Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл – біз "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын жариялап, оны Конституцияда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс екенін мәлімдеді.
Президент Конституцияның негізгі ережелерін сақтамағандар "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.
"Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы, бұл – халқымыздың құқықтық төлқұжаты. Сондықтан Конституцияны күлкі қылу, оның негізгі ережелерін менсінбеу халқымызды кемсітумен бірдей. Ондай әрекет жасағандар "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес қатаң түрде жазаға тартылатын болады", - деді Тоқаев.
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Видео
"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0