Тоқаев G20 саммитіне қатысу аясындағы сапарға дайындық барысымен танысты

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ бойынша Арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент өзінің АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
"Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Встреча Дональда Трампа и Касым-Жомарта Токаева в Белом Доме - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2026
Тоқаев "G20" саммитіне қатысады: дайындық мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
0