https://sputnik.kz/20260813/toqaev-aqsh-prezidentinin-shaqyruymen-g20-sammitine-qatysady-65680912.html
Тоқаев "G20" саммитіне қатысады: дайындық мәселелері талқыланды
Тоқаев "G20" саммитіне қатысады: дайындық мәселелері талқыланды
Sputnik Қазақстан
Тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын 13.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-13T09:56+0500
2026-08-13T09:56+0500
2026-08-13T10:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
дональд трамп
саммит
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/07/58520193_0:79:1280:799_1920x0_80_0_0_6e5d85471304dd11b8fb43addbb0baa6.jpg
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен "G20" саммитіне қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесуінде айтылды.Саммит 2026 жылдың желтоқсанында Майами қаласында өтеді. Кездесуде іс-шараға дайындық мәселелері қаралды.Кездесу барысында Көшербаев пен Капур екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын да талқылады.Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.
https://sputnik.kz/20260610/qazaqstan-aqsh-pen-strategiyalyq-seriktestikti-odan-ari-arttyruga-muddeli--toqaev-64037465.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/07/58520193_42:0:1191:862_1920x0_80_0_0_182607175a1b2eca2483e56ece8754f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, дональд трамп, саммит
қасым-жомарт тоқаев, дональд трамп, саммит
Тоқаев "G20" саммитіне қатысады: дайындық мәселелері талқыланды
09:56 13.08.2026 (жаңартылды: 10:00 13.08.2026) Тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен "G20" саммитіне қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесуінде айтылды.
Саммит 2026 жылдың желтоқсанында Майами қаласында өтеді. Кездесуде іс-шараға дайындық мәселелері қаралды.
"Осыған байланысты тараптар жоғары деңгейдегі күн тәртібін мазмұнды түрде қалыптастыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін білдірді", - деп жазылған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.
Кездесу барысында Көшербаев пен Капур екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын да талқылады.
Су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі Қазақстанның бастамасына, оның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі ретінде Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше назар аударылды.