Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі – Тоқаев

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Жазылу
Екі ел арасында кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
 Президент Казахстана принял спецпосланника президента США Серджио Гора - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өтті.
"Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді мемлекет басшысы.
Серджио Гор президент Трамп Тоқаевтың қызметін айрықша бағалайтынын жеткізді.
"Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз", – деді арнайы өкіл.
Air Astana ұшағы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2026
Тоқаев Air Astana басшысымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсін талқылады
Жаңалықтар
0