Құрылтайда кейбір көліктерді техникалық бақылаудан уақытша босату ұсынылды

© Public DomainКөлік жөндеуші
Көлік жөндеуші - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Себебі диагностикалық желілер іштен жанатын қозғалқышы бар автомобильдер мен мототехникаға есептелген
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократтардың фракциясы кейбір көліктерді техникалық бақылаудан уақытша босатуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Асхат Рақымжановтың айтуынша, партияға курьерлік компаниялар шағымданып жатыр. Олар биылдан бастап көлік құралдарына теңестірілген электровелосипедтер мен электромопедтерді тіркеуге қойған. Алайда техникалық байқаудан өткізе алмай отыр.
"Себебі диагностикалық желілер іштен жанатын қозғалқышы бар автомобильдер мен мототехникаға есептелген. Ал жеңіл электркөлікті тексеру нормативтері мен әдістемесі жоқ. Шағым түсіргендердің айтуынша, бүгінде бірде-бір станцияда ондай қызмет көрсетілмейді. Электровелосипедтер мен электромопедтерді қабылдамайды. Осылайша, іс жүзінде алуға мүмкін емес құжатты талап етеді", - деді Рақымжанова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Соған қарамастан, полиция техникалық байқау туралы куәліктің болмағаны үшін айыппұл салып жүр. Электровелосипедтер айыппұл тұрағына қойылады. Ал мыңдаған курьер табыстан қағылады.
Осыған байланысты фракция депутаттары үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады.
жеңіл электркөлікті техникалық бақылаудан өткізу әдістемесі мен талаптарын тездетіп бекітіп, барлық аймақта қолжетімді ету;
оған дейін декларация немесе сервистік орталықтың қорытындысы негізінде техникалық ақаулықтың жоқтығын растайтын уақытша тәртіпті енгізу, я болмаса, осы санаттағы көліктерді техникалық бақылаудан уақытша босату;
электровелосипедтер мен электромопедтерді алты ай сайын техникалық бақылаудан өткізу талабын өзгерту;
барлық жағдай жасалмайынша айыппұл салмау;
бұған дейінгі хаттамаларды қайта қарап, көлік құралдарын иелеріне қайтару;
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Яндекс жүргізушілерінің салығына қатысты ұсыныс үкіметке жолданды
Жаңалықтар
0