Яндекс жүргізушілерінің салығына қатысты ұсыныс үкіметке жолданды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Бүгінде Яндекс Go жүргізушілері 4%-тік салық режимін пайдалана алады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. "Ақ жол" фракциясының депутаттары үкіметке Яндекс Go жүргізушілерінің салығына қатысты ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Олжас Нұралдиновтың айтуынша, бүгінде Яндекс Go платформасының комиссиясы кей жағдайда тапсырыс құнының 23%-ына дейін жетеді.
"Бұл ақшаны платформа өзі ұстап қалады. Яғни ол сома жүргізушінің немесе жеткізушінің қолына тимейді. Сондықтан, азаматтың қолына түспеген ақшаны оның табысы ретіңде есептеуіміз қаншалықты дұрыс? Біздің ұсынысымыз - платформаның комиссиясын платформа өзі ұстасын, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтың табысы комиссия алынғаннан кейін өзіне қалған ақша бойынша есептелсін", - деді Нұралдинов Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгінде Яндекс Go жүргізушілері 4%-тік салық режимін пайдалана алады. Бірақ жалпы табыстың ішінде платформаның комиссиясы да кіріп кетеді.
Яндекс - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
"Яндекс" тексеріс кезінде Қазақстанның мемлекеттік органдарына көмектесуге дайын
Жаңалықтар
0