Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі 57 пайызға артты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПроизводство растительного масла
Производство растительного масла  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
2026-2028 жылдары май тазарту қуаттарын 2,1 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннадан астам деңгейге жеткізу жоспарланып отыр
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанның май өңдеу кәсіпорындары жаңа маркетингтік маусымның алғашқы екі айында 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді. Бұл өткендегі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39%-ға жоғары. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады.
Өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі күнбағыс майы сегментінде тіркелді. Атап айтқанда, тазартылмаған күнбағыс майын өндіру 57%-ға, ал тазартылған май өндірісі 39%-ға ұлғайған.
"Биылғы жылы Қазақстанда майлы дақылдар егілген алқаптардың жалпы көлемі (мақта егісін есептемегенде) 5,179 млн гектардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта еліміздегі май өңдеу кәсіпорындарының жылдық жиынтық қуаты 5,4 млн тоннадан астам майлы дақыл тұқымын өңдеуге жетеді. Оның ішінде күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты 4,6 млн тоннаны құрайды. Алайда егіс алқаптарының ұлғаюына қарамастан, кәсіпорындар әлі де шикізат тапшылығын сезініп, өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмай отыр.
2026-2028 жылдары май тазарту қуаттарын 2,1 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннадан астам деңгейге жеткізу жоспарланып отыр. Ал өлшеп-оралған тазартылған күнбағыс майының өндірісін 2,4 есеге ұлғайту көзделген.
Бұдан бөлек, 2027–2028 жылдары жылдық өндірістік қуаты тиісінше 72 мың және 50 мың тоннаны құрайтын өсімдік майлары мен маргарин өндіретін екі жобаны іске қосу жоспарланған.
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты - министрлік
Жаңалықтар
0