https://sputnik.kz/20261101/qazaqstannyn-agrarlyq-eksportyndagy-ondelgen-onimnin-ulesi-54-dan-asty---ministrlik-68114346.html
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты - министрлік
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты - министрлік
Sputnik Қазақстан
Өндірістік және экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырып жатқан мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары... 01.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-01T13:00+0500
2026-11-01T13:00+0500
2026-11-01T13:00+0500
экспорт
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/01/68114458_0:0:1673:941_1920x0_80_0_0_52aee28fe56d86f4ce7c80aa95087980.png
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өңделген АӨК өнімдерінің экспорты 3,04 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1%-ға жоғары, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі. "Нәтижесінде аграрлық экспорттың жалпы құнындағы өңделген өнімнің үлесі 54,1%-ға жетті. Осылайша, аграрлық сектордың экспорттық түсімінің жартысынан астамы өңделген өнімдер есебінен қалыптасып отыр. Бұл отандық аграрлық экспорт құрылымындағы сапалық өзгерістерді және қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсетеді", - деп хабарлады министрлік. Экспорт өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – астық өңдеу саласы. 2025/2026 маркетингтік жылында астық пен ұн экспорты астық баламасында рекордтық 16 млн тоннаға жетті.2026 жылғы қаңтар–тамыз аралығында шетелге 1,38 млн тонна бидай және бидай-қара бидай ұны экспортталды. Оның жалпы құны шамамен 400 млн АҚШ долларын құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорттың заттай көлемі 23%-ға, ал экспорттық түсім 36%-ға өсті.Май және тоңмай өнеркәсібінде де оң динамика байқалады. Күнбағыс, мақсары және мақта майларының экспорты 49%-ға өсіп, 453 млн доллардан 673 млн долларға жетті. Ал рапс және қыша майларының экспорты 2,3 есе артып, 40 млн доллардан 90 млн долларға дейін өсті.Басқа да бірқатар өнім түрлері бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Атап айтқанда, мал азығына арналған ұн экспорты құндық мәнде 61%-ға артып, 359 млн доллардан 578 млн долларға жетті. Заттай көлемде жеткізілімдер 44%-ға өсіп, 2,5 млн тоннаны құрады.Сиыр етінің экспорты 78%-ға ұлғайып, 92 млн доллардан 164 млн долларға дейін өсті. Өнімнің заттай көлемі 13%-ға артып, өткен жылғы 26 мың тоннадан 29 мың тоннаға жетті.Сонымен қатар май өңдеу өнімдері – күнжара мен шрот экспорты 42%-ға өсіп, 79 млн доллардан 113 млн долларға дейін ұлғайды. Заттай көлемде жеткізілімдер 39%-ға артып, 430 мың тоннадан 597 мың тоннаға жетті.
https://sputnik.kz/20261031/qazaqstanda-biyl-243-mln-tonna-astyq-bastyryldy-68106884.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/01/68114458_208:0:1463:941_1920x0_80_0_0_8c0fbfaced9643cf537c9a372a88f41e.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экспорт, ауыл шаруашылығы министрлігі
экспорт, ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты - министрлік
Өндірістік және экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырып жатқан мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары жеңілдетілген кредит беруді, инвестициялық субсидиялауды және салықтық преференцияларды қамтиды
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өңделген АӨК өнімдерінің экспорты 3,04 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1%-ға жоғары, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Нәтижесінде аграрлық экспорттың жалпы құнындағы өңделген өнімнің үлесі 54,1%-ға жетті. Осылайша, аграрлық сектордың экспорттық түсімінің жартысынан астамы өңделген өнімдер есебінен қалыптасып отыр. Бұл отандық аграрлық экспорт құрылымындағы сапалық өзгерістерді және қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсетеді", - деп хабарлады министрлік.
Экспорт өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – астық өңдеу саласы. 2025/2026 маркетингтік жылында астық пен ұн экспорты астық баламасында рекордтық 16 млн тоннаға жетті.
2026 жылғы қаңтар–тамыз аралығында шетелге 1,38 млн тонна бидай және бидай-қара бидай ұны экспортталды. Оның жалпы құны шамамен 400 млн АҚШ долларын құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорттың заттай көлемі 23%-ға, ал экспорттық түсім 36%-ға өсті.
Май және тоңмай өнеркәсібінде де оң динамика байқалады. Күнбағыс, мақсары және мақта майларының экспорты 49%-ға өсіп, 453 млн доллардан 673 млн долларға жетті. Ал рапс және қыша майларының экспорты 2,3 есе артып, 40 млн доллардан 90 млн долларға дейін өсті.
Басқа да бірқатар өнім түрлері бойынша айтарлықтай өсім тіркелді. Атап айтқанда, мал азығына арналған ұн экспорты құндық мәнде 61%-ға артып, 359 млн доллардан 578 млн долларға жетті. Заттай көлемде жеткізілімдер 44%-ға өсіп, 2,5 млн тоннаны құрады.
Сиыр етінің экспорты 78%-ға ұлғайып, 92 млн доллардан 164 млн долларға дейін өсті. Өнімнің заттай көлемі 13%-ға артып, өткен жылғы 26 мың тоннадан 29 мың тоннаға жетті.
Сонымен қатар май өңдеу өнімдері – күнжара мен шрот экспорты 42%-ға өсіп, 79 млн доллардан 113 млн долларға дейін ұлғайды. Заттай көлемде жеткізілімдер 39%-ға артып, 430 мың тоннадан 597 мың тоннаға жетті.