https://sputnik.kz/20261031/qazaqstanda-biyl-243-mln-tonna-astyq-bastyryldy-68106884.html
Элеваторларға түскен бидайдың 72%-ы үшінші сұрыпты - министрлік
Элеваторларға түскен бидайдың 72%-ы үшінші сұрыпты - министрлік
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда биыл 24,3 млн тонна астық жиналды 31.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-31T15:53+0500
2026-10-31T15:53+0500
2026-10-31T16:04+0500
егін
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда биылғы астық түсімінің сапасы жоғары. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан диқандар мол өнім жинаумен қатар, бидайдың наубайханалық сапасын да жоғары деңгейде қамтамасыз етті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Министрліктің хабарлауынша, элеваторларға қабылданған жұмсақ бидайдың 72 пайызы үшінші сұрыпқа жатады. Сондай-ақ зерттелген астық үлгілерінің 48 пайызында желімше мөлшері 28 пайыздан жоғары болған. Бұл биылғы отандық астық сапасының жоғары екендігіне дәлел.Сонымен қатар астықтың сапасы қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Ақуыз бен желімше мөлшерінің жоғары болуы отандық бидайға ұн тарту кәсіпорындары тарапынан сұранысты арттырып, экспорттық нарықтардың аясын кеңейтеді.Биыл егін жинау науқанының қорытындысы бойынша елде 24,3 млн тонна астық жиналды. Әр гектардан орта есеппен 15,6 центнер өнім алынды. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары."Биыл ауыл шаруашылығы саласы үшін ауа райы қолайсыздау болды деуге негіз бар. Себебі, бірқатар өңірде ұзақ уақыт жауын-шашын болмай, құрғақшылық байқалды. Бұл егіс алқаптарының жай-күйіне кері әсер етіп, өнім көлеміне қауіп төндірді. Соған қарамастан, агротехникалық жұмыстардың уақытылы жүргізіліп, шаруашылықтардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуінің және мемлекет тарапынан көрсетілген кешенді қолдаудың арқасында саланың өндірістік әлеуеті өз деңгейінде сақталды", - деп хабарлады министрлік.Егіншілік саласындағы технологиялық жаңғырту жұмыстары да оң нәтижесін берді. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізді. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66 пайызына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 12 пайызды құрап, жоспарланған 11,6 пайыздық көрсеткіштен асты.Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасының көмегімен шаруашылықтар 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Машина-трактор паркін жаңарту деңгейі 7 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 пайызға жеткізу көзделіп отыр, дейді министрлік.Егін жинау науқанын уақытылы өткізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, егін жинау кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты астық кептіруге қосымша 41,3 мың тонна отын бағытталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егін
Элеваторларға түскен бидайдың 72%-ы үшінші сұрыпты - министрлік
15:53 31.10.2026 (жаңартылды: 16:04 31.10.2026) Қазақстанда биыл 24,3 млн тонна астық жиналды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда биылғы астық түсімінің сапасы жоғары. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан диқандар мол өнім жинаумен қатар, бидайдың наубайханалық сапасын да жоғары деңгейде қамтамасыз етті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің хабарлауынша, элеваторларға қабылданған жұмсақ бидайдың 72 пайызы үшінші сұрыпқа жатады. Сондай-ақ зерттелген астық үлгілерінің 48 пайызында желімше мөлшері 28 пайыздан жоғары болған. Бұл биылғы отандық астық сапасының жоғары екендігіне дәлел.
"Жекелеген өңірлерде бұл көрсеткіштер одан да жоғары. Мәселен, Ақмола облысында үшінші сұрыпты бидайдың үлесі 90 пайызға, ал Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70 пайызға жеткен. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті факторлардың бірі. Азық-түліктік бидай қорының жеткілікті болуы ішкі нарықтың астыққа, ұнға және нан-тоқаш өнімдеріне деген қажеттілігін толық өтей отырып, қажетті қор қалыптастырады", - деп хабарлады министрлік.
Сонымен қатар астықтың сапасы қазақстандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Ақуыз бен желімше мөлшерінің жоғары болуы отандық бидайға ұн тарту кәсіпорындары тарапынан сұранысты арттырып, экспорттық нарықтардың аясын кеңейтеді.
Биыл егін жинау науқанының қорытындысы бойынша елде 24,3 млн тонна астық жиналды. Әр гектардан орта есеппен 15,6 центнер өнім алынды. Бұл көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары.
"Биыл ауыл шаруашылығы саласы үшін ауа райы қолайсыздау болды деуге негіз бар. Себебі, бірқатар өңірде ұзақ уақыт жауын-шашын болмай, құрғақшылық байқалды. Бұл егіс алқаптарының жай-күйіне кері әсер етіп, өнім көлеміне қауіп төндірді. Соған қарамастан, агротехникалық жұмыстардың уақытылы жүргізіліп, шаруашылықтардың қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуінің және мемлекет тарапынан көрсетілген кешенді қолдаудың арқасында саланың өндірістік әлеуеті өз деңгейінде сақталды", - деп хабарлады министрлік.
Егіншілік саласындағы технологиялық жаңғырту жұмыстары да оң нәтижесін берді. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізді. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66 пайызына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 12 пайызды құрап, жоспарланған 11,6 пайыздық көрсеткіштен асты.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасының көмегімен шаруашылықтар 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Машина-трактор паркін жаңарту деңгейі 7 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 пайызға жеткізу көзделіп отыр, дейді министрлік.
Егін жинау науқанын уақытылы өткізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, егін жинау кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты астық кептіруге қосымша 41,3 мың тонна отын бағытталған.