Павлодарда автобус жүргізушісін ұрып, бетіне бұрыш баллонын шашқан ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Павлодарда автобус жүргізушісіне жұдырық жұмсап, бетіне бұрыш баллонын шашқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полицияға сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде автобустағы жанжалдың видеосы тараған болатын. Кадрдан жолаушының жүргізушіні бірнеше рет ұрып, кейін оның бетіне бұрыш баллонын шашқаны көрінеді.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиғаға жігіт пен қыздың жолақысын төлеуден бас тартуы себеп болған. Осыдан кейін жүргізуші мен жолаушылар арасында жанжал туындаған.
Оқиға автобус салонында, өзге жолаушылардың, соның ішінде балалардың көзінше болған. Жүргізуші есін жиып, қарсылық көрсетуге тырысқанымен, ер адам оған бұрыш баллонын шашқан. Кейін жүргізуші автобус есігін ашып, жолаушылардың барлығы сыртқа шыққан.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және өз әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Қол жүгіртті: Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2026
Видео
"Қол жүгіртті": Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
Жаңалықтар
0