Видео

"Қол жүгіртті": Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өту"Қол жүгіртті": Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам қамауға алынды
Қол жүгіртті: Астанада автобуста қызға тиіскен ер адам қамауға алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Астанада автобуста қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды.
"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ер адамның әдепсіз әрекеттеріне тап болғаны туралы қыздың жарияланымын анықтады", - дейді полиция.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 46 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция азаматтарға қатысты кез келген әдепсіз әрекет пен құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Алматыда көшеде әйелдің денесіне қол жүгірткен шетелдік қамауға алынды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Видео
Алматыда көшеде әйелдің денесіне қол жүгірткен шетелдік қамауға алынды
Жаңалықтар
0