https://sputnik.kz/20261118/eurokomissiya-ukrainaga-zhana-nesieden-25-mlrd-eurony-askeri-qazhettilikterge-bolui-mumkin-68559038.html
Еурокомиссия Украинаға жаңа несиеден 25 млрд еуроны әскери қажеттіліктерге бөлуі мүмкін
Еурокомиссия Украинаға жаңа несиеден 25 млрд еуроны әскери қажеттіліктерге бөлуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Несие 2026-2027 жылдарға арналған бұрын келісілген 90 миллиард еуроға қосымша болады 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T19:12+0500
2026-11-18T19:12+0500
2026-11-18T19:14+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67889157_0:28:3053:1745_1920x0_80_0_0_2eda67eea9dc1e7400a9a6d09ea57648.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Еуропалық Комиссия Украинаға жаңа несиенің көп бөлігін – 25 миллиард еуроны – әскери қажеттіліктерге, ал қалған 20 миллиард еуроны бюджетті қолдауға бөлуді ұсынды.Несие 2026-2027 жылдарға арналған бұрын келісілген 90 миллиард еуроға қосымша болады. Жаңа ұсынысты ескере отырып, Еуропалық Одақ Киевке 2027 жылы 90 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Еуропалық Комиссия 2027 жылы Украина үшін қосымша қаржыландыру тапшылығын 70 миллиард еуро деп бағалайды.Сонымен қатар, Еуропалық Комиссия бұғатталған ресейлік активтерден түскен қаражатты пайдалануды кеңейтіп, оларды жаңа 45 миллиард еуролық несие мен бұрын келісілген 90 миллиард еуролық несиеге қызмет көрсетуге пайдалануға мүмкіндік бергісі келеді. Ресей өз активтерін бұғаттауды бірнеше рет заңсыз деп атап, егер олар тәркіленсе, сотқа шағымданатынын ескертті.Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко бұған дейін Еуроодақ өзінің ұстанымы мен Украинаға қаржылық және әскери қолдауымен келіссөздерден өзін шеттеткенін айтқан. Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
https://sputnik.kz/20261105/euroodaq-ukrainaga-qaqtygys-bastalgaly-beri-2315-mlrd-euro-boldi-68250862.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67889157_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_ace93d5e4657ffdc0f47040122184bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еурокомиссия Украинаға жаңа несиеден 25 млрд еуроны әскери қажеттіліктерге бөлуі мүмкін
19:12 18.11.2026 (жаңартылды: 19:14 18.11.2026) Несие 2026-2027 жылдарға арналған бұрын келісілген 90 миллиард еуроға қосымша болады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Еуропалық Комиссия Украинаға жаңа несиенің көп бөлігін – 25 миллиард еуроны – әскери қажеттіліктерге, ал қалған 20 миллиард еуроны бюджетті қолдауға бөлуді ұсынды.
"Ұсынылған қолдау екі құрамдас бөліктен тұрады: 25 миллиард еуроға дейінгі қаражат әскери көмекке және 20 миллиард еуроға дейінгі қаражат жалпы бюджеттік қолдау", - делінген Еуропалық комиссияның сайтындағы мәлімдемесінде.
Несие 2026-2027 жылдарға арналған бұрын келісілген 90 миллиард еуроға қосымша болады. Жаңа ұсынысты ескере отырып, Еуропалық Одақ Киевке 2027 жылы 90 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Еуропалық Комиссия 2027 жылы Украина үшін қосымша қаржыландыру тапшылығын 70 миллиард еуро деп бағалайды.
Сонымен қатар, Еуропалық Комиссия бұғатталған ресейлік активтерден түскен қаражатты пайдалануды кеңейтіп, оларды жаңа 45 миллиард еуролық несие мен бұрын келісілген 90 миллиард еуролық несиеге қызмет көрсетуге пайдалануға мүмкіндік бергісі келеді. Ресей өз активтерін бұғаттауды бірнеше рет заңсыз деп атап, егер олар тәркіленсе, сотқа шағымданатынын ескертті.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко бұған дейін Еуроодақ өзінің ұстанымы мен Украинаға қаржылық және әскери қолдауымен келіссөздерден өзін шеттеткенін айтқан. Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.