Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға қақтығыс басталғалы бері 231,5 млрд еуро бөлді

© РИА НовостиКиев
Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2026
Жазылу
ЕО, АҚШ, НАТО өкілдері соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіру мәселесін талқылады
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Еуроодақ Украинаға қақтығыс басталғалы бері 231,5 млрд еуро көлемінде көмек көрсетті, деп хабарлады Еуропалық комиссия.
"Украинаның ең ірі қолдаушысы ретінде Еуроодақ 231,5 млрд еуро бөлді", – делінген сәрсенбі күні Брюссельде өткен ЕО, АҚШ, НАТО және Украина өкілдерінің кездесуінен кейінгі мәлімдемеде.
Кездесу соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіру мәселесіне арналды. Оған Германия, Франция, Ұлыбритания және Дүниежүзілік банк өкілдері де қатысты. Тараптар соғыстан кейінгі экономикалық даму перспективаларын, реформаларды жүргізу және жеке инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
Бұған дейін Еуроодақ 2026-2027 жылдары Украинаға 90 млрд еуро көлемінде кредит беруді мақұлдаған болатын. Бұл қаражат Киевтің қаржылық қажеттілігінің шамамен үштен екісін жабуға тиіс. Алайда Politico басылымының мәліметінше, серіктестер уәде еткен қаражаттың едәуір бөлігі әзірге бөлінбеген.
Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады
Жаңалықтар
0