Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандар 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Жазылу
Заң жобасы қабылданса, әлеуметтік желіде балағат сөз айтып, жала жапқандарға айыппұл салынады, тіпті 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде балағат сөз айту ұсақ бұзақылық болып саналады. Бірақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабында қоғамдық орындар ғана көрсетілген. Енді қоғамдық орындармен қатар масс-медиа мен онлайн-платформалар да қамтылады. Ол жерде балағат сөз қолдану және жала жабу ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Ал жаза бұрынғыдай қала береді.
Қолданыстағы жаза түрлері:
20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы - 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл ;
20 сағаттан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу.
Ал құқық бұзушылық жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, жаза күшейтіледі:
60-100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
15-30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу.
Бұдан бөлек, заң жобасында ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған жағдайда сол ақпаратты әлеуметтік желілерде де теріске шығару қажет.
Айта кетері, бүгін Құрылтай депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Онлайн-платформаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі
Жаңалықтар
0