https://sputnik.kz/20261118/200-den-astam-bala-koz-zhumdy-quryltayda-balalardy-tasymaldau-tartibin-ozgertudi-usyndy-68546718.html
"200-ден астам бала көз жұмды": Құрылтайда балаларды тасымалдау тәртібін өзгертуді ұсынды
"200-ден астам бала көз жұмды": Құрылтайда балаларды тасымалдау тәртібін өзгертуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
2026 жылы полиция тексерген үш мыңнан астам мектеп автобусының шамамен 400-інен техникалық ақаулар анықталған 18.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-18T15:57+0500
2026-11-18T15:57+0500
2026-11-18T15:57+0500
бала
тасымалдау
құрылтай
https://sputnik.kz/img/438/10/4381082_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_fb656f392e361f072a5d79df9a392a4a.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Құрылтайда балалары тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Айжан Наимбекованың айтуынша, бүгінде балалар күн сайын балабақшаларға, мектептерге және спорт секцияларына тасымалданады. Алайда мұндай тасымал кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен мемлекеттік бақылау тетіктері әлі де жетілдіруді қажет етеді.Осы орайда депутат үш жыл бұрын Түркістан қаласында болған оқиғаны еске алды. Сол кезде жеке балабақшаның тәрбиеленушілерін тасымалдаған жүргізуші бес жастағы баланы үйінің жанында түсіріп, байқамай көлікпен қағып кеткен. Бала көз жұмды. Бір жылдан кейін Ақтөбе облысында жарысқа бара жатқан бес бала, ал 2026 жылғы сәуірде Түркістан облысында тағы үш бала жол апатынан көз жұмды."2026 жылы полиция тексерген үш мыңнан астам мектеп автобусының шамамен 400-інен техникалық ақаулар анықталған. Сонымен қатар, қараша айының басында әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшаның 12 орындық көлігіне 30-дан астам бала отырғызылғаны туралы ақпарат тарады. Егер бұл ақпарат расталса, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төнгенін білдіреді", - деді Наимбекова.Үкіметке жолданған ұсыныстар:
https://sputnik.kz/20261117/elde-balalardyn-qalaaralyq-avtobustarda-zhuruine-qatysty-erezheler-ozgertilip-zhatyr-68524053.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/438/10/4381082_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_e1b1f8e24047bc13fc9a17f93e00e15a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, тасымалдау, құрылтай
бала, тасымалдау, құрылтай
"200-ден астам бала көз жұмды": Құрылтайда балаларды тасымалдау тәртібін өзгертуді ұсынды
2026 жылы полиция тексерген үш мыңнан астам мектеп автобусының шамамен 400-інен техникалық ақаулар анықталған
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Құрылтайда балалары тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Айжан Наимбекованың айтуынша, бүгінде балалар күн сайын балабақшаларға, мектептерге және спорт секцияларына тасымалданады. Алайда мұндай тасымал кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен мемлекеттік бақылау тетіктері әлі де жетілдіруді қажет етеді.
"2025 жылы жол-көлік оқиғаларынан 285 бала қаза тауып, 12 409 бала жарақат алған. Ал биылғы жылдың басынан бері 200-ден астам бала жол апатынан көз жұмған. 285 бала! Бұл – жай ғана сан емес. Әр санның артында баласынан айырылған отбасының қайғысы тұр", - деді Наимбекова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат үш жыл бұрын Түркістан қаласында болған оқиғаны еске алды. Сол кезде жеке балабақшаның тәрбиеленушілерін тасымалдаған жүргізуші бес жастағы баланы үйінің жанында түсіріп, байқамай көлікпен қағып кеткен. Бала көз жұмды. Бір жылдан кейін Ақтөбе облысында жарысқа бара жатқан бес бала, ал 2026 жылғы сәуірде Түркістан облысында тағы үш бала жол апатынан көз жұмды.
"2026 жылы полиция тексерген үш мыңнан астам мектеп автобусының шамамен 400-інен техникалық ақаулар анықталған. Сонымен қатар, қараша айының басында әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшаның 12 орындық көлігіне 30-дан астам бала отырғызылғаны туралы ақпарат тарады. Егер бұл ақпарат расталса, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төнгенін білдіреді", - деді Наимбекова.
Үкіметке жолданған ұсыныстар:
балаларды көлікке отырғызу, түсіру және ата-анасына табыстау тәртібін заң жүзінде бекіту;
балаларды тұрақты тасымалдайтын көлік құралдарының бірыңғай тізілімін құру;
министрліктердің құзыреті мен жауапкершілігін нақтылау;
жекеменшік ұйымдарға да міндетті қауіпсіздік талаптарын енгізу;
жүргізушілер мен балаларды алып жүруге жауапты тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан нақтылау.