https://sputnik.kz/20261117/zhulyp-beton-quydyq-zharkenttegi-zhana-uylerdin-birinde-edennen-shop-osip-shyqqan-68512492.html
"Жұлып, үстіне бетон құйдық": жаңа үйлердің бірінде еденнен шөп өсіп шыққан
"Жұлып, үстіне бетон құйдық": жаңа үйлердің бірінде еденнен шөп өсіп шыққан
Sputnik Қазақстан
Баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ипотека арқылы берілген. 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T14:24+0500
2026-11-17T14:24+0500
2026-11-17T20:29+0500
көк шөп
баспана
жалдамалы баспана
видео
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Жетісу облысының Жаркент қаласында әлеуметтік ипотека бағдарламасы бойынша берілген тұрғын үйлердің бірінде еден мен қабырға арасынан шөп өсіп шықты. Оқиғаға қатысты Sputnik Қазақстанға облыстық әкімдік түсініктеме берді.Түркебаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде плинтус астынан шөп шыққан. Оны жұламын деп әуреге түскен үй иелері бұл жағдайды әзілге айналдырып, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған.Олардың айтуынша, баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ипотека арқылы берілген.Оқиғаға қатысты Панфилов аудандық құрылыс бөлімі түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ақау анықталғаннан кейін шөп жұлынып, оның орнына бетон құю жұмыстары басталған.Аталған ғимаратқа екі жылдық кепілдік мерзімі белгіленген. Мердігер ұйым – "Траст Строй Групп" ЖШС.Құрылыс бөлімінің хабарлауынша, мердігер компания кепілдік міндеттемелері аясында қалпына келтіру және ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал аудандық құрылыс бөлімі жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін тұрақты бақылауда ұстап отыр.
https://sputnik.kz/20220330/deputat-sapasyz-baspana-23852731.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көк шөп, баспана, жалдамалы баспана
көк шөп, баспана, жалдамалы баспана
"Жұлып, үстіне бетон құйдық": жаңа үйлердің бірінде еденнен шөп өсіп шыққан
14:24 17.11.2026 (жаңартылды: 20:29 17.11.2026) Баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ипотека арқылы берілген.
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Жетісу облысының Жаркент қаласында әлеуметтік ипотека бағдарламасы бойынша берілген тұрғын үйлердің бірінде еден мен қабырға арасынан шөп өсіп шықты. Оқиғаға қатысты
Sputnik Қазақстанға облыстық әкімдік түсініктеме берді.
Түркебаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде плинтус астынан шөп шыққан. Оны жұламын деп әуреге түскен үй иелері бұл жағдайды әзілге айналдырып, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған.
"2024 жылы ипотекалық бағдарлама бойынша алғанбыз. Бұл – бөліп төлеу арқылы алынған үй. Бүгін – 2026 жылдың 15 қарашасы", – дейді видео авторы.
Олардың айтуынша, баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ипотека арқылы берілген.
Оқиғаға қатысты Панфилов аудандық құрылыс бөлімі түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ақау анықталғаннан кейін шөп жұлынып, оның орнына бетон құю жұмыстары басталған.
"2025 жылы пайдалануға берілген Жаркент қаласындағы Түркебаев көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйде еден жабыны мен қабырға арасындағы түйіскен жерден шөп өсіп шыққаны анықталды. Аталған ақауды жою және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта еден жабыны мен қабырға түйіскен аумаққа қосымша сұйық бетон қоспасын құю жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады аудандық құрылыс бөлімі.
Аталған ғимаратқа екі жылдық кепілдік мерзімі белгіленген. Мердігер ұйым – "Траст Строй Групп" ЖШС.
Құрылыс бөлімінің хабарлауынша, мердігер компания кепілдік міндеттемелері аясында қалпына келтіру және ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал аудандық құрылыс бөлімі жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін тұрақты бақылауда ұстап отыр.