Қазақстанда тағы қандай автомобиль бөлшектері шығарылады

© Photo : allurgroup.kzАрхивное фото автозавода в Костанае
Архивное фото автозавода в Костанае - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Қостанай мен Алматыда автомобиль бөлшектерін шығару өндірісі жолға қойылады
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанда автомобиль бөлшектерін өндіру бағытындағы жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда аккумуляторлар, шиналар, мультимедиялық жүйелер мен автокөлік орындықтары шығарылады. Сондай-ақ отандық болаттан автобус кузовтарына арналған бөлшектерді қалыптау өндірісі жолға қойылған.
"Биыл автокөліктерге арналған жылыту, желдету және салқындату жүйелерін, сондай-ақ еден жабындарын өндіру басталды. Бұдан бөлек, жүк көліктерінің қозғалтқыштарына арналған цилиндр блоктарын шығару игерілді", – деді Нағаспаев үкімет отырысында.
Сонымен қатар жыл соңына дейін Қостанай қаласында қуаттылығы жылына 60 мың данаға дейін жететін автокомпонент өндірісі іске қосылады.
Алматы қаласында автокөліктерге арналған электр сымдарын, тежегіш және отын жүйелерінің түтіктерін локализациялау жоспарланып отыр.
Колесо грузовика, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлікті құрастырды
Жаңалықтар
0