Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлікті құрастырды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКолесо грузовика, архивное фото
Колесо грузовика, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Жазылу
Болидтің әрбір бөлшегі студенттердің өз қолымен нөлден бастап жасалған
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қостанайда студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық көлік - болидті құрастырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында студенттер құрастырған алғашқы жарыс болид салтанатты түрде таныстырылды.
© Photo : Қостанай облысының әкімідгіҚостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды
Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Қостанайлық студенттер Қазақстандағы алғашқы спорттық болидті құрастырды
Жоба университет жанындағы Озық машина жасау орталығында жүзеге асырылған.
"Болидтің басты ерекшелігі – оның әрбір бөлшегі студенттердің өз қолымен нөлден бастап жасалған. Жас инженерлер идеяны әзірлеуден бастап, техникалық есептеулер жүргізу, жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерінің барлығын дербес орындаған", - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бұл – жай ғана оқу үдерісінің бөлігі емес, толыққанды инженерлік жоба. Мұндай деңгейде әзірленген студенттік жарыс көліктері елімізде сирек кездеседі және отандық техникалық білім берудің әлеуетін көрсетеді.
Қазақстан ғалымдары диабет пен жүрек ауруларын алдын алу үшін қазіргі заманға лайықты құрғақ таңғы ас әзірлеуде - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Қазақстандық ғалымдар диабет пен жүрек ауруын болдырмайтын таңғы ас әзірлеп жатыр
Жаңалықтар
0