https://sputnik.kz/20260216/qazaqstandyq-galymdar-diabet-pen-zhurek-auruyn-boldyrmaytyn-tangy-as-azirlep-zhatyr-61207805.html
Қазақстандық ғалымдар диабет пен жүрек ауруын болдырмайтын таңғы ас әзірлеп жатыр
Қазақстандық ғалымдар диабет пен жүрек ауруын болдырмайтын таңғы ас әзірлеп жатыр
Sputnik Қазақстан
Өнімді келер жылы нарыққа шығару жоспарланып отыр 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T14:56+0500
2026-02-16T14:56+0500
2026-02-16T14:56+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
қант диабеті
отандық өнім
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61208574_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_48527c91e3d2974c3dc8858e71f25c9e.jpg
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан ғалымдары диабет пен жүрек ауруларын алдын алу үшін қазіргі заманға лайықты құрғақ таңғы ас әзірлеуде, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми зерттеу инсттитуты ғалымдары диеталық құрғақ таңғы ас өндірісін әзірлеп жатыр. Ол семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған. Инновациялық технология жақында аяқталады. Мамандардың айтуынша, көптеген адамдардың тамақ мәзірі рафинадталған көмірсуларға бай, ал тағамдық талшықтар, витаминдер мен минералдық заттар тапшы деуге болады. Бұл проблема әсіресе құрғақ таңғы ас бағытында айқын көрінеді, өйткені нарықтың негізгі бөлігі қант мөлшері жоғары және биологиялық құндылығы төмен импорттық өнімдерге тиесілі.Министрліктің айтуынша, таңғы ас көмірсу алмасуын қалыпқа келтіріп, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді. Бүгінгі күнге дейін өнімнің дайындалу тәсілі мен өндіріс технологиясы әзірленген. Келер жылы өнімді нарыққа шығару жоспарланып отыр, дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20241018/sportshylar-ishetin-biregey-qospa-shygaryla-bastady--ony-qazaqstandyq-galymdar-oylap-tapty-47927880.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61208574_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_00c78b2f2efae4f5e067749e94ce9dbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, қант диабеті, отандық өнім
ауыл шаруашылығы министрлігі, қант диабеті, отандық өнім
Қазақстандық ғалымдар диабет пен жүрек ауруын болдырмайтын таңғы ас әзірлеп жатыр
Өнімді келер жылы нарыққа шығару жоспарланып отыр
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан ғалымдары диабет пен жүрек ауруларын алдын алу үшін қазіргі заманға лайықты құрғақ таңғы ас әзірлеуде, деп хабарлайды
ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми зерттеу инсттитуты ғалымдары диеталық құрғақ таңғы ас өндірісін әзірлеп жатыр.
Ол семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған. Инновациялық технология жақында аяқталады.
Мамандардың айтуынша, көптеген адамдардың тамақ мәзірі рафинадталған көмірсуларға бай, ал тағамдық талшықтар, витаминдер мен минералдық заттар тапшы деуге болады. Бұл проблема әсіресе құрғақ таңғы ас бағытында айқын көрінеді, өйткені нарықтың негізгі бөлігі қант мөлшері жоғары және биологиялық құндылығы төмен импорттық өнімдерге тиесілі.
"Әзірленіп жатқан технология отандық дәнді шикізатты пайдалану және дәннің құрамдас бөліктерін сақтау ұстанымына негізделген. Бұл өнімдегі тағамдық талшықтар, В тобы витаминдері және минералдық элементтер мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді, ал энергетикалық тығыздығы төмен болады. Қолданыстағы нарықтағы баламалардан айырмашылығы, жаңа құрғақ таңғы ас диеталық және профилактикалық тамақтану бөлігі ретінде ұсынылады", - дейді министрлік.
Министрліктің айтуынша, таңғы ас көмірсу алмасуын қалыпқа келтіріп, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді.
Бүгінгі күнге дейін өнімнің дайындалу тәсілі мен өндіріс технологиясы әзірленген. Келер жылы өнімді нарыққа шығару жоспарланып отыр, дейді мамандар.