https://sputnik.kz/20261117/ministrlik-oqushylardy-esepke-alu-erezhesine-engizilgen-tuzetudi-tusindirdi-68522607.html
Министрлік оқушыларды есепке алу ережесіне енгізілген түзетуді түсіндірді
Министрлік оқушыларды есепке алу ережесіне енгізілген түзетуді түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Сабаққа дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспайтын оқушылар туралы мәліметтер ұлттық білім беру деректер базасына бұрыннан енгізіліп келеді 17.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-17T19:52+0500
2026-11-17T19:52+0500
2026-11-17T19:54+0500
мектеп
министрлік
оқушы
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0d/68428956_0:99:3196:1896_1920x0_80_0_0_f5191f5833e2317c649bb0200492c452.jpg
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды есепке алу ережелеріне қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін балалар құқығын қорғау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллингке қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі барлық бала туралы мәлімет бір базаға жиналады. Оған мектепке бармайтын және сабақтан жиі қалатын балалар да кіреді. Себепсіз сабақтан қалу туралы ақпаратты полиция да тексереді. Ал мектептегі буллинг туралы шағым бір жұмыс күні ішінде тіркелуі керек.Оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Альбина Залмұқанованың айтуынша, сабаққа дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспайтын оқушылар туралы мәліметтер ұлттық білім беру деректер базасына бұрыннан енгізіліп келеді. Полиция бұл мәліметтерай сайын полиция салыстырып отырады. Ереженің өзі 2017 жылы 11 шілдеде бекітілген болатын.Ал буллингтің алдын алу және оған ден қою қағидалары 2022 жылдан бері бар. Биыл көктемде "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңын іске асыру аясында ден қоюдың бірыңғай алгоритмі қабылданды.
https://sputnik.kz/20260808/elde-oqushylardy-profilaktikalyq-tekseru-tsifrlandyrylady-65549449.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0d/68428956_191:0:2922:2048_1920x0_80_0_0_3383161b9fa82fdd0ab0527799a1b648.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, министрлік, оқушы
мектеп, министрлік, оқушы
Министрлік оқушыларды есепке алу ережесіне енгізілген түзетуді түсіндірді
19:52 17.11.2026 (жаңартылды: 19:54 17.11.2026) Сабаққа дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспайтын оқушылар туралы мәліметтер ұлттық білім беру деректер базасына бұрыннан енгізіліп келеді
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды есепке алу ережелеріне қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін балалар құқығын қорғау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллингке қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Атап айтқанда, 18 жасқа дейінгі барлық бала туралы мәлімет бір базаға жиналады. Оған мектепке бармайтын және сабақтан жиі қалатын балалар да кіреді. Себепсіз сабақтан қалу туралы ақпаратты полиция да тексереді. Ал мектептегі буллинг туралы шағым бір жұмыс күні ішінде тіркелуі керек.
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Альбина Залмұқанованың айтуынша, сабаққа дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспайтын оқушылар туралы мәліметтер ұлттық білім беру деректер базасына бұрыннан енгізіліп келеді. Полиция бұл мәліметтерай сайын полиция салыстырып отырады. Ереженің өзі 2017 жылы 11 шілдеде бекітілген болатын.
"Содан бері оларға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Қараша айында қолданыстағы қағидаларға енгізілген кезекті түзетулер күшіне енеді. Атап айтқанда, олардың тұжырымдары жаңа Конституцияға сәйкес келтірілді. Бұл түзетулер сабаққа қатыспайтын оқушыларды арнайы есепке алуды көздемейді және редакциялық сипатқа ие", - дейді Залмұқанова.
Ал буллингтің алдын алу және оған ден қою қағидалары 2022 жылдан бері бар. Биыл көктемде "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңын іске асыру аясында ден қоюдың бірыңғай алгоритмі қабылданды.