Елде оқушыларды профилактикалық тексеру цифрландырылады

© Photo : Рixabay/MyriamТонометр
Тонометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2026
Жазылу
Бұл ретте мектеп медицинасы қызметкерлері аталған жүйенің маңызды бөлігіне айналады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстандағы мектеп медицинасы цифрлық форматқа көшіп жатыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Нәтижесінде, балалардың денсаулығы технологиялар көмегімен бақыланады.
Яғни, мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық диагностикалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізіліп, тексеру нәтижелері цифрлық медициналық жүйелерде тіркеледі.
Жаңа модельдің негізгі элементтерінің бірі – мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулерін цифрландыру.
"Тексеру жүргізу кезінде заманауи цифрлық диагностикалық құрылғыларды пайдалану, ал алынған нәтижелерді ақпараттық жүйелерде автоматты түрде тіркеу жоспарлануда. Бұл баланың денсаулық жағдайы туралы неғұрлым толық мәлімет қалыптастыруға және оның өзгерістерін динамикада бақылауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік хабарлауынша, егер оқушыда белгілі бір қауіп факторлары немесе денсаулық көрсеткіштерінде өзгерістер анықталса, ақпаратты одан әрі бақылау, қосымша тексеру жүргізу немесе медициналық көмек көрсету үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарына жедел жіберуге болады.
Осылайша, мектеп медицинасы бір реттік профилактикалық тексерулерден баланың денсаулығын жүйелі түрде цифрлық сүйемелдеуге біртіндеп көшіп жатыр.
Бұл ретте мектеп медицинасы қызметкерлері аталған жүйенің маңызды бөлігіне айналады. Олардың жұмысы медициналық тексерулер жүргізумен ғана шектелмейді. Ол аурулардың алдын алуды, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді, балалардың салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтиды.
Как будут учиться и отдыхать школьники Казахстана в новом учебном году - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2026
Инфографика
2026-2027 оқу жылы: оқушылар демалысының күнтізбесі
Жаңалықтар
0