Мерғалиев пен Краснов 2028 жылға дейінгі ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
13:00 17.11.2026 (жаңартылды: 13:05 17.11.2026)

© Photo : Пресс-служба Верховного суда России
Жазылу
Қол қойылған құжатта 2027 жылы цифрлық технологияларға қатысты сот істері мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу көзделген
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов екі елдің сот органдары арасындағы екі жылдық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов келіссөз өткізді
© Photo : Пресс-служба Верховного суда России
"Бүгін біз 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қоямыз. Бұл екіжақты өзара іс-қимылға нақты практикалық мазмұн беруге, сараптамалық семинарлар мен ғылыми-практикалық жобаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді", – деді Игорь Краснов құжатқа қол қою алдында.

Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов келіссөз өткізді
© Photo : Пресс-служба Верховного суда России
Қол қойылған құжатқа сәйкес, 2027 жылы цифрлық технологияларға қатысты сот істері мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Онда сарапшылар құқықтық саралау, дәлелдемелерді бағалау, цифрлық активтерді, криптовалюталарды және киберқылмыстарды құқықтық реттеу мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Ресей мен Қазақстан соттарының тәжірибесіндегі халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізу көзделген. Бұдан бөлек, сот органдарының өкілдері сот қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу мәселелерін талқылайды.
2028 жылы Ресей мен Қазақстандағы әкімшілік сот ісін жүргізу мәселелері бойынша семинар, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықтарға қатысты істер жөнінде дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.
Красновтың айтуынша, Жоғарғы соттар төрағалары деңгейіндегі байланыстар екі тараптың тұрақты әрі сенімді диалог орнатуға деген өзара ұмтылысын көрсетеді.
"Біз Сізбен Мәскеудегі келіссөздер барысында, сондай-ақ ТМД мен БРИКС алаңдарында пікір алмасқан едік. Әр кездесу Ресей мен Қазақстан арасындағы сот-құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты", – деп атап өтті ол.
Алғашқы күннің басты оқиғасы Ресей Жоғарғы соты төрағасының қазақстандық әріптесімен келіссөздері болды. Кездесу барысында тараптар сот-құқықтық саладағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
"Мен Қазақстанның сот жүйесінде жүзеге асырылып жатқан көптеген бастаманы қызығушылықпен бақылап жүрмін. Мәселен, Алатау аумағында инвестициялық сот құру бастамасы. Осы органның жұмыс перспективалары туралы айтып берсеңіз, ризашылығымды білдірер едім", – деді Игорь Краснов.
Ал Асламбек Мерғалиев Игорь Красновты Қазақстан Жоғарғы Сотының және оның жанынан құрылған Ситуациялық орталықтың жұмысымен таныстырды.

Асламбек Мерғалиев пен Игорь Краснов Қазақстан Жоғарғы сотының және оның жанынан құрылған Ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты
© Sputnik / Санат Имангалиев
Бірыңғай мониторинг жүйесі іс жүргізу мен сот өндірісіндегі негізгі үдерістерді 850 көрсеткіш бойынша нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл соттардың жалпы жүктемесін көруге, сот практикасын тереңірек талдауға, сондай-ақ республика көлеміндегі үрдістер мен заңдылықтарды анықтауға жағдай жасайды.
