Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Астанаға келді

© Photo : Пресс-служба Верховного суда России Председатель Верховного суда РФ Игорь Краснов прибыл в Казахстан.
Председатель Верховного суда РФ Игорь Краснов прибыл в Казахстан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Қазақстан мен Ресей Жоғарғы соттары арасындағы ынтымақтастық туралы тарихтағы алғашқы келісімге 2026 жылдың сәуірінде қол қойылған
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Жоғарғы соттарының төрағалары Астанада сот-құқықтық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Ресей Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов қазақстандық әріптесі Асламбек Мерғалиевтің шақыруымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
"Екі күндік бағдарлама аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер де өткізіледі", – деп нақтылады ведомство.
Қыркүйек айында Асламбек Мерғалиев пен Игорь Краснов БРИКС-ке мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағалары форумының аясында кездесіп, ынтымақтастықтың екі жылдық бағдарламасына қол қою туралы уағдаласқан болатын.
© Photo : Пресс-служба Верховного суда России РФ Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов Қазақстанға келді
Председатель Верховного суда РФ Игорь Краснов прибыл в Казахстан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
РФ Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Краснов Қазақстанға келді
Қазақстан мен Ресей Жоғарғы соттары арасындағы ынтымақтастық туралы алғашқы келісімге 2026 жылғы сәуірде Мерғалиевтің Мәскеуге жасаған алғашқы жұмыс сапары барысында қол қойылды.
Жаңалықтар
0