Mercedes-пен келіссөз жүргізіліп жатыр – Бектенов

© Sputnik / Санат ИмангалиевОлжас Бектенов
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Олжас Бектенов жаңа жобаларды уақытылы іске қосуды тапсырды
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметі Mercedes компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қазақстанда Howo, Sitrak пен Scania жүк көліктерін шығару жұмысы қолға алынды. Сондай-ақ, олардың құрамдас бөліктерін өзімізде локализациялауға басымдық беріліп отыр.
"Осы жылдың соңына дейін Алматыда Volvo жүк тартқыштарын өндіруді бастау жоспарлануда. Mercedes компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Аталған жобалар уақытылы жүзеге асырылып, іске қосылуға тиіс", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өзімізде тағы қандай автомобиль бөлшектері шығарылатынын айтты.
Архивное фото автозавода в Костанае - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Қазақстанда тағы қандай автомобиль бөлшектері шығарылады
Жаңалықтар
0