Балқаш пен Ақтоғайда жаңа зауыттар салынады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Жазылу
Бұл жобалар қосымша 1,7 млн тонна мыс концентратын өндіруге мүмкіндік береді
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Балқаш пен Ақтоғайда екі мыс балқыту зауыты салынады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шикізатты терең өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, жылына өндірілетін 3,4 млн тонна мыс концентратының шамамен 59%-ы ел ішінде өңделеді.
"Ол үшін Балқаш пен Ақтоғайда әрқайсысының қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын екі мыс балқыту зауытын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мыс концентратын өндіру көлемін арттыру үшін Көксай және Айдарлы жобалары іске асырылады", – деді Нағаспаев үкімет отырысында.
Аталған жобалар қосымша 1,7 млн тонна мыс концентратын өндіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде дайын мыс өнімдерін шығару көлемі екі есе артып, 40 мың тоннаға дейін жетеді.
Сонымен қатар үкімет мыс концентратын өңдеуді ынталандыру үшін тарифтерді мемлекеттік реттеу туралы заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Архивное фото автозавода в Костанае - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2026
Қазақстанда тағы қандай автомобиль бөлшектері шығарылады
Жаңалықтар
0