https://sputnik.kz/20261116/zhyl-basynan-beri-zansyz-ornatylgan-595-zhanarmay-bagy-anyqtaldy-68473176.html
Жыл басынан бері заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды
Жыл басынан бері заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды
Sputnik Қазақстан
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген – 386 дерек 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T09:42+0500
2026-11-16T09:42+0500
2026-11-16T09:42+0500
жанармай
шекара
шекара бекеті
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/10/68471528_0:87:800:537_1920x0_80_0_0_d4e1ab481fb177ec209c8fd89bd8629a.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері жалпы көлемі 159,5 тонна болатын 595 заңсыз жанармай бағы анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.Мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінің маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған.Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген – 386 дерек. Түркістан облысында 119, Қостанай облысында 80 дерек анықталды.Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктерден заңсыз орнатылған жанармай бактары алынып тасталды. Бұдан бөлек, 5 қазан мен 5 қараша аралығында республика бойынша "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.Тоғыз мыңға жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полицияға жеткізілді.Сонымен қатар 100 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Нәтижесінде 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тіркелмеген 195 қару тәркіленді.
https://sputnik.kz/20261109/munay-onimderin-eksporttauga-salyngan-tyyym-tagy-alty-ayga-uzartyldy-68319180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/10/68471528_84:0:800:537_1920x0_80_0_0_0891acd68721bd17965496163f7d5850.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, шекара, шекара бекеті
жанармай, шекара, шекара бекеті
Жыл басынан бері заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген – 386 дерек
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері жалпы көлемі 159,5 тонна болатын 595 заңсыз жанармай бағы анықталды. Бұл туралы
Polisia.kz хабарлады.
Мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінің маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған.
Заң бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген – 386 дерек. Түркістан облысында 119, Қостанай облысында 80 дерек анықталды.
Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктерден заңсыз орнатылған жанармай бактары алынып тасталды. Бұдан бөлек, 5 қазан мен 5 қараша аралығында республика бойынша "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
"Полицейлер 576 мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де нысанды тексерді. Жалға берілетін пәтерлерге, саяжай үйлеріне, тұрмысы қолайсыз отбасыларға және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылды. Көші-қон заңнамасын бұзудың 42 мыңға жуық дерегі анықталды", – делінген хабарламада.
Тоғыз мыңға жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полицияға жеткізілді.
Сонымен қатар 100 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Нәтижесінде 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тіркелмеген 195 қару тәркіленді.