Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды

© Илья ПиталевРабота АЗС в Москве
Работа АЗС в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2026
Жазылу
Тыйым Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жанар-жағармай материалдарын жеткізуге де қатысты
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан бензин мен мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға салынған тыйымды тағы алты айға ұзартты. Бұл туралы Энергетика министрінің "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін шығарудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығында айтылған.
Тыйым алты ай мерзімге, яғни 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін енгізіледі. Ол ЕАЭО елдеріне тауар экспорттауға да қатысты.

Нақты қандай өнімдерді шығаруға тыйым салынады?

Автомобиль көлігімен:
бензин;
дизель отыны;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.
Тыйым мына жағдайларда қолданылмайды:
майлау материалдарын шығару;
автомобиль өндірушісі зауытта қарастырған жанармай бактарындағы отынды тәулігіне бір реттен асырмай алып шығу;
Қазақстан үкіметінің шешімімен гуманитарлық көмек көрсету аясында мұнай өнімдерін шығару;
қоспаларды іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, үлгілерді өнеркәсіптік өндіріске енгізу үшін сынау, авиаотын (реактивті қозғалтқыштарға арналған отын) өндіру технологиясын бекіту немесе қайта бекіту мақсатында авиаотынды шығару.
Соңғы жағдайға қатысты бірқатар талап бар. Атап айтқанда, бұл үшін өндіріс саласындағы мемлекеттік органның келісімі және осындай жұмыстарды жүргізуге өкілетті ұйыммен жасалған шарт болуы қажет. Сонымен қатар құжаттар топтамасында қажетті үлгілердің (сынамалардың) саны мен көлемі көрсетілген хат та болуға тиіс.
Теміржол көлігімен:
мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынады.
Бұған мына жағдайлар кірмейді:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заңның 18-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілген жеткізу жоспарлары бойынша бензин шығару;
үкіметтің шешімімен гуманитарлық көмек көрсету аясында мұнай өнімдерін шығару.
Бұдан бөлек, Қазақстаннан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді және дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға да тыйым салынады.
Бұл шектеу 2027 жылғы 1 қаңтардан басталып, 2027 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
Құжат 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Экономика
Мұнай бағасы экономикаға оң әсер етіп отыр – "ҚазМұнайГаз" басшысы
Жаңалықтар
0