Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан неге босатылғаны белгілі болды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылданғанда "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшыларын ұстау кезінде жіберілген қателіктер де ескерілген
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босату жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Айтуынша, президент аталған арнайы қызметті реформалау міндетін табысты орындау мақсатында басшылық кадрлардың орнын ауыстыру қажеттігін ескере отырып, осындай шешімге келді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды", - дейді Смадияров.

Ол "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ісіндегі коррупциялық сипат еш күмән тудырмайтынын және оны тергеу шаралары кезіндегі фигуранттардың әрекеттері растағанын жеткізді.
"Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болды. Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күреске қатысты берік ұстанымы өзгермейді. Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді", - деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
Президент қызметтік тәртіпті нығайтуды, "Заң мен Тәртіп" қағидатына сай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты міндеттерді атқару барысында полицияның кәсіби даярлық деңгейін көтеруді тапсырды. Ал министрге полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмыстарын күшейту керек екені айтылды.

Еске салсақ, бүгін Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты лауазымынан босатып, оның орнына Марат Ирменовті тағайындады.
Самұрық-Қазына төрағасы мен Қазақстан темір жолы басшысы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2026
Видео
"Самұрық-Қазына" төрағасы мен "Қазақстан темір жолы" басшысы ұсталды
Жаңалықтар
0