Қазақстандық спортшы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіҚазақстандық спортшы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Қазақстандық спортшы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2026
Жазылу
Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қазақстандық спортшы батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы 17-21 жас аралығындағы гимнастар арасында қос шағын батутта өнер көрсетіп, финалда екінші орынға ие болды.
Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0