Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

© Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіҚазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Жазылу
Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстан спортшысы Олжас Дюсупов садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
"30 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.
© Photo : Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіҚазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2026
Қазақстандық спортшы садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Олжас Дюсупов әлемдік додада командалық есепте 30, 60 және 90 метр қашықтарда үш алтын медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті.
Бұл – садақшының халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес. Оның еншісінде халықаралық жарыстарда қол жеткізген көптеген жетістік бар, дейді әкімдікте.
Зарина Толыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Қазақстандық спортшы Зарина Толыбай бокстан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар
0