https://sputnik.kz/20261116/muzdatylgan-zhidektin-quramyndagy-darumender-saqtala-ma-biokhimik-tusindirdi-68467652.html
Мұздатылған жидектің құрамындағы дәрумендер сақтала ма: биохимик түсіндірді
Мұздатылған жидектің құрамындағы дәрумендер сақтала ма: биохимик түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Мұздатылған жидектен дайындалған морс адам ағзасына пайдалы. Ең бастысы оны ұзақ қайнатпау керек 16.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-16T08:00+0500
2026-11-16T08:00+0500
2026-11-16T08:00+0500
жеміс-жидек
дәрумен
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34136903_0:314:3084:2048_1920x0_80_0_0_f68af9ae78bcab809b2c08c1430dd58a.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мұздатылған жидектен дайындалған морс – суық мезгілде жиі тұтынылатын сусындардың бірі. Алайда оны дайындау тәсілі құрамындағы дәрумендердің мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.Биохимик Анна Дивинская "Доктор Питер" басылымына берген сұқбатында мұздату С дәруменін жоймайтынын айтты. Зерттеулер мұздатылған жидекте бұл дәрумен жаңа жиналған жидектегідей мөлшерде сақталатынын, тіпті кейде көбірек болуы мүмкін екенін көрсеткен.Мысалы, 2022 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша, шырғанақ шырыны -20°C температурада 52 күн сақталған кезде құрамындағы С дәруменін жоғалтпаған. Ал тоңазытқышта 16 күн сақтау барысында оның мөлшері 11-15%-ға төмендеген.С дәруменіне ұзақ уақыт қыздыру әлдеқайда көп әсер етеді. Жидек неғұрлым ұзақ қайнатылса, пайдалы зат соғұрлым көп ыдырайды.Дәрумендерді барынша сақтау үшін мамандар мынадай кеңес береді:Ересек адамға тәулігіне шамамен 75–90 мг С дәрумені қажет. Ал морстағы оның мөлшері жидектің түрі мен сусындағы концентрациясына байланысты. Әсіресе қарақат пен шырғанақ С дәруменіне бай.Сарапшы қантты шамадан тыс қоспауға да кеңес берді. Өйткені қышқыл жидектерден дайындалған сусынның дәмін келтіру үшін кейде оған қантты көп мөлшерде қосып жатады.
https://sputnik.kz/20260126/dariger-d-darumeni-tapshylygynyn-belgilerin-atady-58816210.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34136903_11:0:2742:2048_1920x0_80_0_0_72eb3eeefe71e7f86111f40c5d213e6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеміс-жидек, дәрумен
Мұздатылған жидектің құрамындағы дәрумендер сақтала ма: биохимик түсіндірді
Мұздатылған жидектен дайындалған морс адам ағзасына пайдалы. Ең бастысы оны ұзақ қайнатпау керек
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Мұздатылған жидектен дайындалған морс – суық мезгілде жиі тұтынылатын сусындардың бірі. Алайда оны дайындау тәсілі құрамындағы дәрумендердің мөлшеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Биохимик Анна Дивинская "Доктор Питер" басылымына берген
сұқбатында мұздату С дәруменін жоймайтынын айтты. Зерттеулер мұздатылған жидекте бұл дәрумен жаңа жиналған жидектегідей мөлшерде сақталатынын, тіпті кейде көбірек болуы мүмкін екенін көрсеткен.
Мысалы, 2022 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша, шырғанақ шырыны -20°C температурада 52 күн сақталған кезде құрамындағы С дәруменін жоғалтпаған. Ал тоңазытқышта 16 күн сақтау барысында оның мөлшері 11-15%-ға төмендеген.
С дәруменіне ұзақ уақыт қыздыру әлдеқайда көп әсер етеді. Жидек неғұрлым ұзақ қайнатылса, пайдалы зат соғұрлым көп ыдырайды.
Дәрумендерді барынша сақтау үшін мамандар мынадай кеңес береді:
Жидекті алдын ала жібітпей, бірден кастрөлге салу;
Морсты 3-5 минуттан артық қайнатпау;
Мүмкіндік болса, жаңа сығылған жидек шырынын әбден суыған қайнатпаға қосу;
Сусынды қақпағы жабық эмальданған немесе болат ыдыста дайындау;
Морсты тоңазытқышта 2–3 күннен артық сақтамау;
Қайта-қайта қайнатпай, ішетін мөлшерін ғана жылыту.
Ересек адамға тәулігіне шамамен 75–90 мг С дәрумені қажет. Ал морстағы оның мөлшері жидектің түрі мен сусындағы концентрациясына байланысты. Әсіресе қарақат пен шырғанақ С дәруменіне бай.
Сарапшы қантты шамадан тыс қоспауға да кеңес берді. Өйткені қышқыл жидектерден дайындалған сусынның дәмін келтіру үшін кейде оған қантты көп мөлшерде қосып жатады.