https://sputnik.kz/20260126/dariger-d-darumeni-tapshylygynyn-belgilerin-atady-58816210.html
Дәрігер D дәрумені тапшылығының белгілерін атады
Дәрігер D дәрумені тапшылығының белгілерін атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сүйектің жиі сынуы, шаршау, күйзеліс, іштің қатуы және шамадан тыс тершеңдік ағзада D дәрумені тапшы екенін білдіруі мүмкін, деп... 26.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-26T08:00+0500
2026-01-26T08:00+0500
2026-01-26T08:00+0500
дәрумен
дәрігер
пайдалы кеңес
https://sputnik.kz/img/old/766/94/7669482_0:44:601:382_1920x0_80_0_0_8ea48438273846f541a3460b1711dcd7.jpg
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сүйектің жиі сынуы, шаршау, күйзеліс, іштің қатуы және шамадан тыс тершеңдік ағзада D дәрумені тапшы екенін білдіруі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.РФ Оқу-ғарту мемлекеттік университеті медицина факультетінің доценті Ирина Волгина Gazeta.ru-ға берген сұхбатында ересектер ағзадағы D дәруменінің мөлшерін бақылауда ұстау қажеттігін, өйткені ол көп жағдайда жетіспейтінін атап өтті.D дәрумені кальцийдің сіңуінде маңызды рөл атқарады, бұл сүйекті нығайту үшін қажет, сондай-ақ иммундық, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің жұмысына көмектеседі.Тапшылықтың белгілері айқын болмауы мүмкін. Оны сүйек және бұлшықеттердегі ауырсыну, сүйектің жиі сынуы (остеопороз), жалпы әлсіздік, шаршау, тез шаршағыштық, тепе-теңдіктің бұзылуы, жиі суық тию, іш қату, шамадан тыс тершеңдіктен білуге болады. Сондай-ақ тырнақтың сынғыштығы, терінің құрғауы және шаштың түсуі сияқты белгілері де болуы мүмкін."Айта кету керек, коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуде D дәруменінің рөлі жоғары екенін дәлелдеген зерттеулер бар. D дәруменінің деңгейін анықтау үшін қандағы 25(OH)D деңгейіне анализ тапсыру қажет. Сонымен қатар дәрігер кальций, фосфор және осы дәрумен алмасуына қатысты басқа да көрсеткіштерге қосымша талдау тағайындауы мүмкін. D дәруменінің қажетті дозасы талдау нәтижесі мен пациенттің шағымы негізінде анықталады", – деді ол.
https://sputnik.kz/20230206/darumen-ishu-qanday-zhagdayda-qauipti---farmakolog-kenesi-31778961.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/766/94/7669482_16:0:583:425_1920x0_80_0_0_27144c2c652894f98bf609f060eb34e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрумен, дәрігер, пайдалы кеңес
дәрумен, дәрігер, пайдалы кеңес
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Сүйектің жиі сынуы, шаршау, күйзеліс, іштің қатуы және шамадан тыс тершеңдік ағзада D дәрумені тапшы екенін білдіруі мүмкін, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
РФ Оқу-ғарту мемлекеттік университеті медицина факультетінің доценті Ирина Волгина
Gazeta.ru-ға берген сұхбатында ересектер ағзадағы D дәруменінің мөлшерін бақылауда ұстау қажеттігін, өйткені ол көп жағдайда жетіспейтінін атап өтті.
D дәрумені кальцийдің сіңуінде маңызды рөл атқарады, бұл сүйекті нығайту үшін қажет, сондай-ақ иммундық, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің жұмысына көмектеседі.
Тапшылықтың белгілері айқын болмауы мүмкін. Оны сүйек және бұлшықеттердегі ауырсыну, сүйектің жиі сынуы (остеопороз), жалпы әлсіздік, шаршау, тез шаршағыштық, тепе-теңдіктің бұзылуы, жиі суық тию, іш қату, шамадан тыс тершеңдіктен білуге болады. Сондай-ақ тырнақтың сынғыштығы, терінің құрғауы және шаштың түсуі сияқты белгілері де болуы мүмкін.
"Айта кету керек, коронавирус жұқтырған пациенттерді емдеуде D дәруменінің рөлі жоғары екенін дәлелдеген зерттеулер бар. D дәруменінің деңгейін анықтау үшін қандағы 25(OH)D деңгейіне анализ тапсыру қажет. Сонымен қатар дәрігер кальций, фосфор және осы дәрумен алмасуына қатысты басқа да көрсеткіштерге қосымша талдау тағайындауы мүмкін. D дәруменінің қажетті дозасы талдау нәтижесі мен пациенттің шағымы негізінде анықталады", – деді ол.