Жаңбыр, қар жауады: 16 қарашада ауа райы қандай болады

© Sputnik/Ертай СарбасовВ Алматы выпал первый снег
В Алматы выпал первый снег - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. "Қазгидромет" 16 қарашаға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде солтүстік-батыста кей уақытта қатты жауын-шашын түседі, негізінен жаңбыр жауады.
Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Ал батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының оңтүстік-батысы мен солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C болады.
Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +2…+4°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады.
Осень в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Әдеттегіден жылы болады: қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жаңалықтар
0