Дерекқор

Ұлттық валюта күні: теңге туралы қызықты деректер

© Sputnik / Владислав ВодневТенге отмечает 25-летний юбилей
Тенге отмечает 25-летний юбилей - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2026
Жазылу
Биыл Қазақстанның ұлттық валютасына 33 жыл толды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. 1993 жылы қазақстандықтар алғаш рет төл теңгесін қолға алды. Бүгін ұлттық валюта күнімен бірге қаржыгерлердің мейрамы да тойланып отыр. Sputnik Қазақстан теңгенің тарихына қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Теңге айналымға қалай шықты

Қазақстанның алғашқы теңге купюрасының үлгілері 1992 жылы бекітілген болатын. Дизайн авторлары – Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов пен Қайролла Әбжәлелов. Олар Англияға да барып, теңгенің қалай басылғанын көрді.
1993 жылы 12 қарашада сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" жарлыққа қол қойды. Ал екі күннен кейін Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы айналымға енді.
1997 жылы президент жарлығымен 15 қараша теңгенің айналымға енген күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
"Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған болатын.

Ақшаны ұшақпен тасыған

Теңгенің алғашқы банкноттары тарихта қалды. Дегенмен, қазақстандықтар "Портреттер" банкнотының бірінші топтамасы әлі күнге дейін ұмытпаған.
1 теңге – Әл-Фараби портреті;
3 теңге – Сүйінбай портреті;
5 теңге – Құрманғазы портреті;
10 теңге – Шоқан Уәлиханов портреті;
20 теңге – Абай Құнанбаев портреті;
50 теңге – Әбілқайыр хан портреті;
100 теңге – Абылай хан портреті.
Ұлттық валютаның алғашқы банкноттары Англияда Harrison&Sons фирмасында басылып шығарылды. Ақша Қазақстанға ұшақтармен жеткізілген болатын. Бір аптаның ішінде 18 рейс орындалды. Ал қағаз тиындар Қазақстанның бағалы қағаздар шығаратын цехте басылған.

Қазақстан ақшаны өзі шығара бастады

1995 жылы 19 мамырда банкнота өндірісіне қажетті метериалдық-техникалық база құрылғаннан кейін Алматыда Банкнот фабрикасы ресми түрде ашылған болатын. Сол жылы 83 миллионнан астам, бір жылдан кейін 104 миллионнан астам банкнота басылды. Ал 1997 жылы Банкнота фабрикасы Қазақстан азаматтарының паспорты мен жеке куәлігін шығара бастады.
Қазақстан монета сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылған болатын. Монеталардың алғашқы партиясы 1993 жылы шығарылды.

Теңгенің ерекшелігі

Бүгінде Қазақстан теңгесі әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі болып саналады.
2011 жылдан бастап үш жыл қатарынан қазақстандық банкноттар әлемдегі үздік банкнот деп танылды. 2014 жылы түркі жазуына арналған қазақстандық "КҮЛТЕГІН" естелік банкноты Халықаралық банкнот қауымдастығының (IBNS) нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік банкнотына айналды.
Ал Халықаралық валюта қауымдастығы (IACA) 2007 жылы номиналы 10 мың теңгелік банкнотты әлемдегі ең үздік деп таныды. 2016 жылы 20 мың теңгелік банкнот High Security Printing Europe конференциясында марапат алды.
Жалпы, Қазақстан банкноталары әлем бойынша қорғалу жағынан әрі әдемілік сипатынан халықаралық аренадағы 10-нан астам марапатқа ие болды.
Ұлттық валюта банкноталары ерекше шықырлайтын арнайы қағазға басылған. Егер банкнотаны саусағыңызбен сипап көрсеңіз, рельефті сезіне аласыз. Бұл – арнайы баспа техникасы.

Теңге күшейді

Басында ұлттық банк бір теңгені мың сомға бағалаған. Артынан оны 500 сомға дейін түсірді.
Ұлттық валюта айналымға шыққанда бір долларға шаққанда бағамы 4,75 теңге болған. 2025 жылы дәл осы уақытта валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 529 теңгеден сатылған. Қазір теңге күшейді, бір доллар 449 теңге тұрады.
"Қазақстанның теңгесі өз тұрақтылығын дәлелдеді. Бұған дейін кейбір сарапшылар доллар мың теңгеге, тіпті, екі мың теңгеге дейін кетіп қалады деген. Сол кезде біз оған ешқандай себептер жоқ деп айтқанбыз. Бүгінде біз теңгенің тұрақты валюта екенін көріп отырмыз", - дейді ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Бүгінде қазақстандықтар өз ақшасын депозитте көбінесе теңгемен сақтайды.
Бұған дейін үкіметте доллар бағамына қатысты болжам айтылған болатын.
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Үкіметте доллар бағамына қатысты болжам айтылды
Жаңалықтар
0