Үкіметте доллар бағамына қатысты болжам айтылды

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративное фото
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Келесі жылдың бюджетінде доллардың орташа бағамы 480 теңге деңгейінде белгіленген
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин доллар бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, келесі жылдың бюджетінде доллардың орташа бағамы 480 теңге деңгейінде белгіленген. Қазіргі уақытта теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ.
"Келесі жылдың бюджетінде базалық сценарий бойынша бір доллардың бағамын 480 теңге деңгейінде қарастырып отырмыз. Биыл бұл көрсеткіш 540 теңге болған. Қазір теңгенің құнсыздануына ешқандай алғышарт жоқ", – деді Жұманғарин үкіметтегі брифингте.
Үкіметтің бүгінгі есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп келеді. Ал инфляцияның баяулауы аясында халықтың нақты ақшалай табысы артқан.
Доллар мен теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Басқа әлемдік валюталарға қарағанда теңге бағамы долларға қатысты көбірек нығайды
Жаңалықтар
0