https://sputnik.kz/20261013/zhumangarin-inflyatsiya-men-khalyq-tabysyna-qatysty-malimetterdi-zhariyalady-67550934.html
Жұманғарин инфляция мен халық табысына қатысты мәліметтерді жариялады
Жұманғарин инфляция мен халық табысына қатысты мәліметтерді жариялады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жылдық инфляция төмендеп, нақты табыс өсімі артты 13.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-13T15:45+0500
2026-10-13T15:45+0500
2026-10-13T15:45+0500
серік жұманғарин
экономика
инфляция
табыс
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66925751_0:198:2560:1638_1920x0_80_0_0_73c027539eca34bad846eacb6f74613c.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Инфляцияның баяулауы нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табысының өсімі 0,7 пайызға дейін жетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3 пайызға дейін баяулады. Тамызда бұл көрсеткіш 9,8 пайыз болған.Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі едәуір әсер еткен. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1 пайызға төмендеді.Айта кетері, бұған дейін Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп жатқаны хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20261013/qazaqstan-ekonomikasy-teris-faktorlarga-qaramactan-osip-keledi---ukimet-67549875.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66925751_57:0:2504:1835_1920x0_80_0_0_29fabdaf872d50537e34db1f7fad6dbe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин, экономика, инфляция, табыс
серік жұманғарин, экономика, инфляция, табыс
Жұманғарин инфляция мен халық табысына қатысты мәліметтерді жариялады
Қазақстанда жылдық инфляция төмендеп, нақты табыс өсімі артты
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Инфляцияның баяулауы нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табысының өсімі 0,7 пайызға дейін жетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3 пайызға дейін баяулады. Тамызда бұл көрсеткіш 9,8 пайыз болған.
Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі едәуір әсер еткен. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1 пайызға төмендеді.
"Инфляцияны тежеу – үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы аясында биылғы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысының өсімі бірінші тоқсандағы 0,1 пайыздан 0,7 пайызға дейін өсті", – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп жатқаны
хабарланған болатын.