https://sputnik.kz/20261115/avtobusqa-balalar-arbasymen-kiruge-tyyym-salyna-ma--ministrlik-zhauap-berdi-68464731.html
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салына ма – министрлік жауап берді
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салына ма – министрлік жауап берді
Sputnik Қазақстан
Көлік министрлігі автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы желіде тараған мәлімдемелерді жоққа шығарды 15.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-15T10:19+0500
2026-11-15T10:19+0500
2026-11-15T10:19+0500
қоғам
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/99/29/992960_0:147:5109:3021_1920x0_80_0_0_b04eb2583ad739cfc5b7a431432bffcc.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.Министрлік қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайтынын еске салды.Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.Еске салайық, әлеуметтік желілерде күзде жолаушылар тасымалы қағидаларына енгізілген түзетулерден кейін балалар арбасымен жүрген ата-аналарды лық толы автобустарға кіргізбей жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
https://sputnik.kz/20261106/reseylik-khokkeyshilerge-boykotty-qoldau-turaly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspaydy---qkhf-68281955.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/99/29/992960_525:0:5109:3438_1920x0_80_0_0_150bd73ba3baa853757b99b20d9124b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақпарат
Автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салына ма – министрлік жауап берді
Көлік министрлігі автобусқа балалар арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы желіде тараған мәлімдемелерді жоққа шығарды
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайтынын еске салды.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар арбасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте арба жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.
Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.
"Егер ата-анаға балалар арбасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын арбаны жайылған күйінде жалғастыра алады. Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген", - деп мәлімдеді көлік министрлігі.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде күзде жолаушылар тасымалы қағидаларына енгізілген түзетулерден кейін балалар арбасымен жүрген ата-аналарды лық толы автобустарға кіргізбей жатқаны туралы ақпарат тараған еді.