https://sputnik.kz/20261106/reseylik-khokkeyshilerge-boykotty-qoldau-turaly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspaydy---qkhf-68281955.html
Ресей құрамасына жарияланған бойкотты қолдау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚХФ
Ресей құрамасына жарияланған бойкотты қолдау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚХФ
Sputnik Қазақстан
Қазақстан хоккей федерациясы мәлімдеме жасады 06.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-06T17:48+0500
2026-11-06T17:48+0500
2026-11-06T18:16+0500
хоккей
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/13/67739850_0:23:440:271_1920x0_80_0_0_598ac69b01e5495aeaa87996d98d48ea.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан хоккей федерациясы Ресей құрамасына бойкот жариялауды қолдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан шетелдік әлеуметтік желілерде бірнеше тілде тараған мәлімдеменің жалған екені анықталды.Жалған жазбалар X (Twitter) және Bluesky желілерінде орыс, чех және ағылшын тілдерінде жарияланан.Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Рүстем Ибраев бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарды. Федерацияның мәлімдеуінше, ұлттық құрамаларды әлем чемпионатына қатыстыру мәселесін тек Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) шешеді.Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, спорттағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және барлық қатысушы үшін тең жағдай қалыптастыру қағидаттарын тұрақты түрде қолдайды, делінген хабарламада.Бұған дейін желіде спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан үш тілде жалған мәлімдеме тараған.
https://sputnik.kz/20260223/prezident-astana-team-balalar-khokkey-komandasyn-khalyqaralyq-zharystagy-zhenispen-quttyqtady-61387023.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/13/67739850_25:0:416:293_1920x0_80_0_0_2d1ab863381bbd1499b9b0ddf8476d73.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хоккей, мәлімдеме
Ресей құрамасына жарияланған бойкотты қолдау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - ҚХФ
17:48 06.11.2026 (жаңартылды: 18:16 06.11.2026) Қазақстан хоккей федерациясы мәлімдеме жасады
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қазақстан хоккей федерациясы Ресей құрамасына бойкот жариялауды қолдайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан шетелдік әлеуметтік желілерде бірнеше тілде тараған мәлімдеменің жалған екені анықталды.
Жалған жазбалар X (Twitter) және Bluesky желілерінде орыс, чех және ағылшын тілдерінде жарияланан.
Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Рүстем Ибраев бұл ақпаратты ресми түрде теріске шығарды.
Федерацияның мәлімдеуінше, ұлттық құрамаларды әлем чемпионатына қатыстыру мәселесін тек Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) шешеді.
"Біздің ұстанымымыз бойынша, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға қатысуына рұқсат беру және әлем чемпионаттарына қатысушылар құрамын айқындау мәселелері Халықаралық хоккей федерациясының айрықша құзыретіне жатады. Мұндай шешімдер тиісті сот органдарының ұстанымы мен қолданыстағы халықаралық спорт нормалары ескеріле отырып қабылдануға тиіс", - деді федерация.
Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, спорттағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және барлық қатысушы үшін тең жағдай қалыптастыру қағидаттарын тұрақты түрде қолдайды, делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың атынан үш тілде жалған мәлімдеме тараған.