"Тегін стилист": Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа схемасы жайлы ескертті

© Sputnik / Grigory Sysoev / Медиабанкке өтуМодель демонстрирует одежду из коллекции MaisonESVE в рамках Московской недели моды
Модель демонстрирует одежду из коллекции MaisonESVE в рамках Московской недели моды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2026
Жазылу
Шын мәнінде, мәлімделген ЖИ-сервистің орнына құрылғыға зиянды бағдарлама орнатылады
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Бас прокуратура жаңа алаяқтық схеманың таралуы туралы ескертті.
Шетелдік деректерге сәйкес қылмыскерлер шаш қиюларды, шаш үлгілерін, макияжды таңдау және фотосурет бойынша жеке бейнені жасауға арналған тегін ЖИ-сервистертүрінде зиянды бағдарламаларды таратуды бастады.
"Ықтимал құрбандарға уәде етілген функционалға қол жеткізу үшін орналастырылған сілтеме бойынша өтіп, арнайы қосымшаны жүктеп алу ұсынылады. Шын мәнінде, мәлімделген ЖИ-сервистің орнына құрылғыға зиянды бағдарлама орнатылады, ол қылмыскерлерге смартфонға қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай бағдарламалық қамтылыморнатылғаннан кейін, алаяқтар құрылғының жекеленген функцияларын бақылауға, жеке ақпаратты қарауға, құпия деректерге қол жеткізуге, сондай-ақ қаражатты ұрлау үшін банктік қосымшалар мен басқа да қаржылық сервистерге қол жеткізу мүмкіндігін ала алады.
Мұндай алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін келесілер ұсынылады:
қосымшаларды тек ресми дүкендерден (Google Play, App Store және құрылғы өндірушісі қарастырған басқа да көздерден) жүктеп алу;
күмәнді жарнамаларда, хабарламаларда және белгісіз интернет-ресурстарда орналасқан қосымшаларды жүктеп алу сілтемелері бойынша өтпеу;
орнату алдында қосымшаның атауын, әзірлеушісін, ресми сайтын, пайдаланушылардың пікірлері мен жарияланған күнін тексеру;
қосымша сұрайтын рұқсаттарды мұқият зерделеу;
орнатылған қорғаныс құралдарын өшіруді ұсынатын қосымшаларды орнатпау;
белгісіз сервистерде банктік карталардың деректерін, құпия сөздерді, SMS және push-хабарламалардан келген растау кодтарын енгізбеу;
белгісіз қосымшаларға банктік сервистерге, хабарламаларға, хабарландыруларға және т.б. функцияларға қол жеткізуге рұқсат бермеу;
смартфонның операциялық жүйесін уақытылы жаңартып отыру және зиянды бағдарламалық қамтылымнан қорғайтын орнатылған құралдарды пайдалану.
Бас прокуратурада қосымшаны орнату алдында оның жүктелу көзінің сенімділігіне көз жеткізу керектігін ескертті.
Тюльпаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
"Ұстаздар күніне арналған сыйлықтар": Бас прокуратура алаяқтық туралы ескертті
Жаңалықтар
0